Достық көмек.  Д  дыбысы мен әрпі.

ОНЕРБАЕВА ЫКПАЛ АЙТБАЕВНА

Тақырыбы:  Достық көмек.  Д  дыбысы мен әрпі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  оқытылу мақсаты:  сөзді буынға бөлу,  сөздегі буын санын  және орналасу ретін анықтау.

Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Берілген суреттерден  мәліметті тауып, аттарын атау. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін  жазу.

Күтілетін нәтиже:  Барлық тәрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды.  Берілген  суретке  қарап  сөздегі  дыбыстарды,  олардың түрлерін  (дауысты  дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)  ажыратып талдау жасай алады  Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы  д  дыбысының  орнын ажыратады.

Жазу жолына әріп  элементтерін жазады.

Тілдік мақсат: 

Тәрбиеленушілер:  балалар  шағын әңгіме құрастырады,  берілген сұраққа толық  жауап  береді. Сөйлемдегі сөздердің  санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Бадминтон  домино бассейн

ҰОҚ – дегі  тапсырмалар мен диалогтерде  қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Балалар қайда оқиды?

Балалар немен ойнайды?

Доптың пішіні қандай?

Бассейнде Д әрпіне ұқсап отырған бала  қайсысы?

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінен  алған білім

Сөз, сөйлем құрайды.  Әріптердің баспа түрін жаза алады.  Сұрақтарға толық жауап береді

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

Тәрбиеші балаларды шаттық  шеңберіне  тұрғызады. Достық туралы әңгімелеп, сәлемдесіп өлең жолдарын айтқызады.

Тәрбиеші балаларға  «Екі дос»  ертегісін дауыстап оқып береді.  Екі достың ормандағы әрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды.

Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.

1 – тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, әңгіме құрайды.

Балалар қайда ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Балалар немен ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Доптың пішіні қандай?

Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Сұраққа жауап беру кезінде  Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.

2 – тапсырма. Суреттегі ойын құралдардың атауын айтады.

Дартс,  доп,  домино

Сөздік жұмысы

Дартс спорттық ойын түрі. Қабырғаға  дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан  нысанаға садақтарды лақтырады.

 

Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді.  Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.

Д – әрпін бейнелейміз

Тәрбиеші балаларға түрлі пішіндер қимасын таратып береді.

Балалар түрлі пішіндерден  Д әрпінің баспа түріне қарап  отырып, әріпті бейнелейді.

Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д  дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі,  дауыс желбезектері  дірілдейді.

Сергіту сәті

Қолды жоғары көтеріп,

Демалып бір алайық.

Доп сияқты домалап,

Секіріп, секіріп алайық.

Денемізді бос ұстап,

Шынығып бір алайық.

Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.

4 – тапсырма. Тәрбиеші  тапсырмада берілген сөздерді  оқып береді.  Балалар қимылды білдіретін  сөздерді сурет пен  сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді, Сәкен жүрді,  Асан мен Досан жарысты, Айман дірілдеді, Досжан секірді. «Бассейнде Д әрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д әрпіне отырған бала ұқсайды.

«Демалыс күні» өлеңін оқып  береді.  Дір дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма  береді.

Д әрпінің баспа түрін  жазу жолдарына жазады.

Қорытынды. Рефлексия.

Тәрбиеші балалардың  белсенділігін, үлгерім деңгейін  бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.  Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы  бағалайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *