Интернет сайт журналисті
Интернет сайт журналистінің авторлық курсы.
Интернет сайт сабағы бұрын соңды құлақ естіп, көз көрмеген қазіргі цифрлы заманға ең қажетті пәндердің бірі.
Жалпы журналистика мен заманауи медиа бәсекеге қабілетті болуды талап етеді. Жылдар жылжыған сайын техниканың әлеуеті де қатарынан дамып алға ілгерілейтіні сөзсіз. Жеттім деген жығылады, толдым деген тегіледі демекші медианың дамуынан еш уақытта кейін қалуға болмайды.
Жалпы бұл пәннен қазіргі заманның ХХІ ғасырдың мән мағынасы мен адамзат жетістігінің айқын жетістігі деп саналғаг интернет атты желінің қалай дүниеге келгенін, қандай мән-мағынада қолданылатынын түсініп, білдік.
Жалпы Роберт Клейнрок, Гим Бернерс Ли сынды тарихи тұлғалардың тарихтағы өшпейтіндей еңбектерінен танып білдік.
Таныс емес интернет саласына қатысты талай терминдермен танысып, таным-түсінігімізді тереңдете алдық.
Бірақ интернет оңай жолмен бір ақ күнде пайда болып қолданысқа ене салған жүйе емес. Алғаш ARPANET болып, одан жылдар өте келе дамып, қазіргідей қуатты желіге айналды. Басында барша адамға бірдей қажетімді болмай, жылдамдық, қуаттылық жағынан сәл төмен болып, мәселе туғызған болатын.
Ал әлемдік интернетке ARPANET-тің қалыптасуы үлкен септігін тигізді. Ал осы ARPANET интернет дамуының алғышарты болуын 1989 жылы бұл желіде өз жұмысын тәмамдады.
Жалпы осы интернетті дүниеге әкелу туралы ой қайдан, қалай болды деп ойлауымыз шартты. Жалпы Кеңес Үкіметі Америкадан бұрын ғарышты бағындыруы Американдықтарға үлкен соққы болып, олар да әлемді өзгертетіндей жаңалық ашуларына тура келді.
Солайша АҚШ үкіметі тапсырыс жасап талап етудің арқасында осындай қуатты күш дүниеге келді.
Жалпы әр нәрсенің екі ұшы бар. Интернет пайда болғалы дәстүрлі БАҚ-тың бәрі амалсыздан интернет-журналистикаға бейімделуге мәжбүр болды. Қазіргі жаңа буын көбіне дәстүрлі БАҚ-тан қарағанда интернет-журналистикаға бір табан жақын десек болады.
Интернет-журналистиканың кемшілігі өте жедел хабар таратқанымен ақпаратта нақты бір дәлділік болмай қалу қаупі жоғары.
Жалпы ақпараттық заманда белгілі бір алып қашпа ақпаратқа сенбес бұрын оның анық-қанығына, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізген абзал. Бейтаныс WhatsApp чаттарынан келген нақты емес, арандатушылық үшін жасалған ақпарат бұл қоғамға теріс әрекет туғызатынын есте сақтаған жөн. Кейбір тұрақты хабар тарататын сайттардың белгілі бір мақсатты аудиториясы бар. Сол жерде жұмыс атқарған кезде аса сақ болған абзал. Белгілі бір қате ақпарат, бар жиған-тергенді бір-ақ күнде төге салуы мүмкін. Қазіргі желі қолданушылары күнделікті ақпаратты, WhatsApp, Instagram, Tik Tok желілерінен алып қабылдап жатады. Бірақ бұл жерде де қой терісін жамылған қасқырлардың барын ұмытпау қажет. Тек нақты сан-саладан сұрыпталған ақпаратқа сену керек.
Жалпы бүгінгі интернет-медиа жылдар өтсе де қолданыстан шықпайды, керісінше медиа дамып, әлеуметтік желінің әлеуеті арта беретініне сенемін. Интернеттің құрығы ұзын және ғұмыры ұзақ, әлеуеті мол.
Джандауов Нурдаулет
Журналистика факультетінің 2 курс студенті
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718