1 мамыр мерекесінің атап өтілуі

1- мамыр қазақстандықтар үшін маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Көпұлтты мемлекетің өзіндік бірлігін сақтап қалу мәселесі өте қиын екендігі белгілі. Тарихи қалыптасқан, түрлі оқиғаларды бастан кешірген ұлттар тыныш өмір мен ұлттар тұтастығын қадірлейді. Жыл сайын елімміз атаулы мерекені жоғары деңгейде атап өтуге тырысады.

Бұл жыл ел тарихында үлкен орынды алатыны белгілі. Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болып табылатын Бейбітшілік пен келісімнің, достық пен бірліктің нышаны.Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  жарлығы бойынша 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілікке тұрақтап қалды, өсті-өнді, ұрпағы жалғасты. Тәуелсіздік тұсында да қырықжамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекет­тің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды. Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жыл­да­рын­да Тұңғыш Президент Н. Назарбаев­тың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық ке­лі­сім тұрақты түрде сақталды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты Суйеубай Ұ. Н.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *