«Синдром отличника»

Иә, оқушылар арасында ең жиі кездесетін термин. Мектеп кезінде мен де осындай оқушылардың қатарынан болдым. Бұл тақырыпқа келгенде көпшілікпен кереғар келіп қалатын жайттар жиі болып тұрады. Жалпы адамдардың басым көпшілігі, кінәны ата-анаға арта салады. Талап ететін ата-аналар бар, факт. Бірақ бәрі бірдей емес. Мысалы, мектеп кезінде маған ата-анамның тарапынан ондай талап болмады. Керісінше, «керегін ғана оқы, ауырып қаласың» деген әңгімелер біздің үйдің шайының басында ара-тұра бір көтеріліп қоятын. Менің жағдайымда бұл нәрсе лидерлік қасиеттен болды. Осы тұста ата-ананың қысымының салдарынан деп жиі айтудың керегі жоқ. Неге дейсіз бе? Себебі, мектеп жасындағы балалар «неге менің папа мамам талап етеді?» деп өзінің ата анасына теріс пікір қалыптастырып алуы мүмкін. Талапшыл ата-аналар жоқ демеймін, бар. Менің позициямда бала жай ғана өзіне ұнағанын оқу керегін және болашақта ата-анасы оған көмектесе бермейтінін ұғыну керек.

Ал «синдром отличника» болып жүргендер, ұнаса оқи беріңдер. Меніңше, олардан амбициясы мықты жастар шығады. Z дәуірінің жастары «3-ке оқығандар ғана бастық,бизнесмен болып кетеді» деген блокты алып тастайтын уақыт келді. Себебі, білімділердің заманы ескі заманды өкшелеп келеді. Тағы бір айта кететіні, «синдром отличника»-мен жүретіндерде «менде бәрі идеально, мен ғана бірінші болуым керек» түсінікті алып тастаған жөн. Тағы да неге дейсіз бе? Одан оңбай опық жеу ықтималдығыңыз жоғары)

Көзі ашық, оқыған, сауатты адам ешқашан шаң басқан альбом сияқты ескі шкафтың түбінде қалып қоймайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *