«БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДА ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
Конакбаева Мадина Куанышкалиевна-
бірінші санатты қазақ тілі мұғалімі
Ақтөбе қаласы
«Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған
арнайы балабақша КММ
Біздің балабақшамыз сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша болып табылғандықтан,біз әсіресе, ұсақ қол және жалпы моторикасын дамытуға,сөйлеу тілін дамытуға көңіл бөлеміз.
Сондықтан, жаңашыл әдістерді іздеуге,табуға және қолдануға тырысамыз,соның ішінде сөздік және түзету жаттығуларын қолданамыз.
Аталған түзету жаттығулары – баланың жеке сөйлеу тілінің дамуына әсер ететіні белгіленді.Балалар көпшіл бола түседі, ұсақ моторикасы, тілдік, әлеуметтік дағдылары дамиды.
Біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымында түзету жұмыстары туралы педагогтарымыз өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында педагогикалық ой өрісін және кәсіби құзіреттілігін жетілдіретін педагогтардың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларымен тәжірибе алмасып жүр.
Түзете-дамыту жаттығулар жүйесі бойынша жаттығулар мен дидактикалық ойындар жинақталуда. Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды.Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен анықтайды.Тәрбиеші арасындағы күннің екінші жартысындағы өткізілетін тағы бір жұмыстың түрі ол түзету сағаттары.Түзете-дамыту жұмыстары күннің екінші жартысында жіне балалардың бос уақыттарында жүргізіледі.Түзете-дамыту жаттығулары мен ойындары лексикалық тақырыптарға байланысты таңдалады,арнаулы бағдарлама талаптарына сүйене отырып жүргізіледі.
Қорытындылайтын болсақ,баламен жасалатын түзете-дамыту жаттығулары яғни,сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болса,ол балада қызығушылықтар мен іскерлік-дағдылар,белсенділіктер мен құлшыныстары артатынын атап кетер едім.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718