«ЛОГОПЕД ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»

Балмагамбетова Гульшат Камаловна –                       

бірінші санатты логопед

Ақтөбе қаласы

КММ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған

«Алма» балабақшасы»

Қазіргі уақытта денсаулығын сақтау технологиялары логопедтің жұмысында сөйлеуі  бұзылған  баланың түзету-дамыту құралдары ретінде қолдананылады. Денсаулықты сақтау технологиялары – баланың сөйлеу тілін түзетуге және баланың денсаулығын сауықтыруға көмегін тигізеді.

Өзімнің тәжірибемде дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді қолданамын: артикуляциялық жаттығулар, биоэнергопластика,  тыныс алу жаттығулары және саусақтар гимнастикасы , массаж,  Су-Джок терапиясы , көзге арналған гимнастика,нейрожаттығулар менойындар.

Дыбыстарда дұрыс айту – артикуляциялық аппараттың жұмысын жақсартады,артикуляциялық гимнастикасын дәстүрлі түрде қолданып қана қоймай, түзете-дамыту ойындары  түрінде өткізуі балаларға  жақсы эмоциялар  тудырады, артикуляциялық  мүшелердің  дұрыс қимыл-қозғалысын дамытады. Балалар қасықтармен  тілдің жоғары көтеріп, ерінге массаж жасайды.

Өзімнің түзету жұмыстарымда логопедтік массаж жасаймын  және өзіне-өзі массаж жасауды үйретемін. Өзіне массаж  жасау артикуляциялық бұлшық ет тонусын жақсартады және артикуляциялық қимылдарды   дұрыс қалыптастырады.Тілдің биологиялық белсенді  аймақтарды түзету барысында автоматты түрде биологиялық нүктелер де ынталанады. Қимыл кезінде балада жайсыздық сезімі болмау керек, керісінше өзіне –өзі массаж кезінде  рақаттану керек.

Дыбыстырды қоюға артикуляциялық аппаратын дайындау кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қол мен тілдін өзара байланысы-  биоэнергопластика әдісін қолданамын.

Бұл әдіс балалардың дыбыстық ақауларын түзетуде тиімділігін көрсетті.  Қол мен артикуляциялық аппараттың қозғалысына бағытталады, себебі, ағзаның табиғи биоэнергиясын таратуға мүмкіндік береді. Балада иілімділігі, бостандық сезімі қалыптасып, ағзаның жағдайы жақсарып, қан айналымы жақсарады. Өзіне деген сенімділігін, өз ойын және айналадағы ортаға жеткізіп,көрсете білу сияқты тұлғалық қасиеттердіқалыптастырады. Балалар үлкен қызығушылықпен жаттығулар орындайды .

« Суды түтікшемен үрлеу», «Сабын көпіршіктері»,  « Шамды үрлеу», «Қолғаптағы  қар қиыршықтарын үрле» т.б.

Дәстүрлі емес әдістер өте қарапайым болып келеді,ол жаттығуларды дйындауға көп қаражатты қажет етпейді,кедергілер де жоқ, ал осындай сипаттағы  баламен жеке жұмыстары жақсы нәтижелерін береді.

Жоғарыда аталған әдістердің  бала денсаулығына тигізер көмегі:

– ағзадағы  бұлшық еттің тонусын  қалпына келтіреді.

– тілдік  қызметтің  белсенділігін арттырады.

– жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады

– соматикалық жағдайын жақсартады.

Топ тәрбиешілерімен  бірлескен балалардың денсаулығын нығайту жұмыстары  нәтижесін береді.Даярлық тобында «Қысқы орманға саяхат» ҰОҚ өткіздім,оның мақсаты балаларды сауықтыру бойынша интеграциялық әдістердің мүмкіндіктерін көрсету болды. Балалар сабақта «Қыстың келбеті», «Жабайы аңдар»тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейтілді, тәуелдік сын есімі мен етістіктерді тәжірибе қолданудың тәсілдерімен бекіте түсті.

Есту-сөйлеу ырғағын, мұрын және ауызбен тыныс алуын дамытты, өз-өзіне массаждар және логоырғақтық жаттығулар жасады.

Денсаулықты сақтау  технологияларының  дәстүрлі және дәстүрлі емес  әдістері өзінің қол жетімділігін, тиімділігін  көрсетті, оны логопедиялық тәжірибеде белсенді қолдануға болады.соңғы кездерде өзімнің жеке тәжірибемдегі қолданып жүрген нейрожаттығулар мен ойындар – баланың танымдық  деңгейін көтеріп,көңіл-күйі мен ынтасына ерекше назар аудартады,дамытады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *