12
Мәжитова Әсемхан
Нұрсәт бөбекжааөй-бақшасы психолог
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Оқу қызметі: Психология
Мақсаты : Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Құрал-жабдықтар :Слайд,суреттер,үлестірмелі қағаздар,лепуктар т.б
Іс-әрекет
бөлімдері |
Психологтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық оятушылық |
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір – бірімізге сыйлайық |
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық кезең |
Түстерді еске түсірейік
Берілген түстерді өз орнына орналастырамыз
Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.
« Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл – күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. Б
«Көбелектер әлемі»
Мақсаты: Баланы тыныштандыру және қиялын дамыту
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі жаймен дем алыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңіздерші! Сендердің
қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңіздер! Өздеріңізді жеңіл әрі керемет сезінудесіңдер! Алдарыңнан көздің жауын алатын әсем де керемет жайқалып тұрған гүлдер кездесті. Гүлдердің түсі әр түрлі. Қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түске барып қоныңдар. Иісі неткен керемет! Оның жұпар иісімен дем алыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Тобымызға қайта оралдық. Көзімізді жаймен ашамыз.
– Көз алдымызға көбелек елестеді ме?
– Сен қандай түсті гүлді таңдадың?
Олай болса өздеріңе ұнайтын түсті гүлге көбелектеріңді қондыра қойыңдар
Балалардың таңдаған түсіне байланысты көңіл – күйлері анықталады.
Қызыл – қуанышты көңіл – күй
Сары – жағымды көңіл – күй
Көк – жақсы көңіл – күй
Ақ – ашық көңіл – күй
«Шарларға баулар байла»
Мақсаты: негізгі түстерді топтастыруға балаларды үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру.
Қорытындылау. «Тілек шоғы»
Балалар бір – бір гүлден ұстап тұрып, тілек айта отырып, гүлін келесіге ұсынады. Гүл соңындағы адамға «шоқ гүл» болып келеді. |
Балалар суретті салды.
Балалар көңіл күйдің түрлерін айтады .
Сергіту сәтін орындайды.
|
|
Ғажайып сәт.
Балаларға белсенді қатысқандарына рахмет айтып, жүрекше таратады. ….. |
Балалардың жауаптары |