«САУДА КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ»

Өтемісқызы Гүлбахыт

 

Аннотация: мақалада сауда кәсіпорнының қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың мазмұны қарастырылып, оны жүзеге асырудың мақсаты, объектісі мен пәні айқындалып, талдаудың негізгі міндеттері мен әдістері келтіріліп талдау жүргізетін боламыз.

Түйін сөздер: қаржылық талдау, қаржылық-шаруашылық қызмет, кәсіпорын, мүліктік жағдай.

Қатты бәсеке үстемдік ететін нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар табысының көрсеткіші олардың қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорындар жұмыстағы кемшіліктерді анықтау және тұрақты бәсекелестік позицияны алу үшін ұйымның тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметіне уақытылы талдау жасауы қажет. Келесі кезекте төмендегі кестелер арқылы статистикалық мәліметтерге аналитиклық талдау жасалынған болатын. Соларға назар салып қарайтын болсақ.

 

Кесте – 1.  Түпкілікті мақсат бойынша 2015 – 2018 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексі, пайызбен

                

 20152016Өзгеріс2017Өзгеріс2018Өзгеріс
Тауарлар мен өнімдер — барлығы104,9111,87%106,3-5%105,6-1%
Тұтыну тауарлары110,7111,10%104,1-6%104,20%
Азық-түлік тауарлары110,7109,8-1%104,0-5%104,20%
Азық-түлік емес тауарлары110,7112,01%104,2-7%104,30%
Аралық тұтыну өнімі94,2115,923%111,2-4%109,7-1%
Өндіріс құралдары118,9106,1-11%105,60%100,8-5%
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

                           

1 – кестеге назар салып қарайтын болсақ жылдар аралығындағы ауытқу көрсеткіштерін көруімізге болады. Әрине бұл өз кезегінде Түпкілікті мақсат бойынша 2015 – 2018 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудадағы өте үлкен мәселе болып табылады. Тіпті дәлірек айтатын болсақ, 2015 жылы 2016 жылмен салыстырып қарастыратын болсақ тауарлар мен өнімдері  7% — ға, аралық тұтыну өнімі 23% — ға, өндіріс құралдары  тіпті -11%(минус) – ға өзгеріске ұшырағандығын байқай аламыз. Сонымен қатар, ендігі кезекте 2017 жылмен 2018 жылдарды салыстырайық. Бұл тұста сәйкесінше өндіріс құралдарының  -5% — ға, аралық тұтыну өнімі мен тауарлар мен өнімдер тіпті -1%(минус)  – ға өзгеріске ұшырағандығы көрініс табады.

Кесте – 2.  Түпкілікті мақсат бойынша 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексі, пайызбен                                                                    

 20182019Өзгеріс2020Өзгеріс2021Өзгеріс
Тауарлар мен өнімдер — барлығы105,6103,8-2%103,90%113,29%
Тұтыну тауарлары104,2105,01%107,22%108,41%
Азық-түлік тауарлары104,2106,42%107,91%110,73%
Азық-түлік емес тауарлары104,3102,4-2%105,63%103,2-2%
Аралық тұтыну өнімі109,7101,8-7%98,3-3%121,223%
Өндіріс құралдары100,8103,32%102,6-1%106,64%
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Ендігі кезекте 2 – кестеге бар назарымызды салып қарайтын болсақ жылдар аралығындағы ауытқу көрсеткіштерін тағы да көруімізге болады. Анығырақ айтатын болсақ, 2018 жылы 2019 жылмен салыстырып қарастыратын болсақ тауарлар мен өнімдер және азық-түлік емес тауарлары -2% — ға, аралық тұтыну өнімі -7% — ға, өндіріс құралдары мен азық-түлік тауарлары тіпті 2%– ға өзгеріске ұшырағандығын байқай аламыз. Бұл өз кезегінде еліміздегі 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының әлі де болсын проблемаларының бар екендігінің көрінісі болып табылатындығында.

 

Кесте – 3.  АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, 2021 жыл бойынша, теңге

 

Көрсеткіштің атауыэкспортимпорт
АӨК өнімдері бойынша барлығы:10 706 555,59 144 489,7
Өсімдік шаруашылығы8 009 601,52 775 955,7
Мал шарушылығы100 874,498 137,1
Өңделген а/ш өнімдері2 596 079,66 270 396,9
5353277,7684572244,849
Корреляция0,14296826
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Кесте – 3 те 2021 жыл бойынша агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты мен импорты теңгемен бейнеленген. Назар салып қарастыратын болсақ, АӨК өнімдері бойынша экспорт көлемі барлығы 10 706 555,5 теңгені құраса, импорт көлемі одан төмен көрсеткіште, 9 144 489,7 теңгені құрағандығын байқауға болады.

 

Сурет – 1.  АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, 2021 жыл бойынша корреляция коэффициенті

Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Байқап қарастыратын болсақ, айнымалылар яғни дәлірек айтатын болсақ, экспорт пен импорт көлемінің бір біріне тәуелді, бірдей бағытта өсіп не төмендеп жатырғандығы байқалады.

 

Кесте – 4.  АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, 2021 жыл бойынша корреляция коэффициенті            

                                   

ХУХ — ХортУ — Уорт(Х — Хорт)(У-Уорт)(Х — Хорт)^2(У — Уорт)^2
292,344,5-5352985,474572244,85-2,44752E+132,86545E+132,09054E+13
243,438,9-5353034,37-1796289,19,6156E+122,8655E+133,22665E+12
162,827,5-5353114,97-4474107,72,39504E+132,86558E+132,00176E+13
154,418,4-5353123,371698152,03-9,09042E+122,86559E+132,88372E+12
СУММ9,09085E+128,59653E+134,70334E+13
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Кесте – 4 те АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, 2021 жыл бойынша корреляция коэффициентінің шығарылуын байқауға болады. Берілген формулалар арқылы есептеулер жүргізіп, корреляция табылған болатын. Біздің нұсқада корреляция коэффициенті 0,1 ді құрап тұр. Бұл дегеніміз 0 ден үлкен, 1 ден кіші болып табылады. Сондай ақ бұл көрсеткіштен айнымалылардың бір біріне тәуелді, байланысты екендігін білдіреді.

 

Сурет – 2.  Түпкілікті мақсат бойынша 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексі, пайызбен

Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Сурет – 2 ден түпкілікті мақсат бойынша 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексінің пайызбен белгіленіп, құрастырылған парето диаграммасы көрініс табады. Бұл көріністен саудадағы олқылықтың немесе мәселелердің бар екендігі байқалады. Себебі, жыл сайын ылғы өсу байқалмайды, яғни бір жыл түсіп, бір жыл көтерілген түсініксіз диаграмма көрінеді. Яғни, көтерме сауда саласында тұрақтылық жоқ деген тұжырымға келуімізге болады. Сонымен қатар, бұл мәселені шешу жолын қарастыру керек деген пікірге келуге болады.

 

Кесте – 5.  Түпкілікті мақсат бойынша 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексі, пайызбен                                                                    

 2018201920202021
Тауарлар мен өнімдер — барлығы109,7101,898,3121,2
Тұтыну тауарлары105,6103,8103,9113,2
Азық-түлік тауарлары104,3102,4105,6103,2
Азық-түлік емес тауарлары104,2105,0107,2108,4
Аралық тұтыну өнімі104,2106,4107,9110,7
Өндіріс құралдары100,8103,3102,6106,6
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Жоғарыдағы кестеде түпкілікті мақсат бойынша 2018 – 2021 жылдар аралығындағы жіктелген тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларының индексінің пайызбен құрастырылған көрсеткіштері көрініс табуда.

 

Кесте – 6.  Өнім топтары бойынша  2015 – 2021 жылдар аралығындағы көтерме саудада сату бағасының индексі, пайызбен

 

 2015201620172018201920202021
Тұтыну тауарлары109,6105,5100,5102,3106,1104,0124,6
Азық-түлік тауарлары110,6115,5114,093,9102,0109,9114,4
Жаңа піскен жемістер мен көкөністер110,7109,8104,0104,2106,4107,9110,7
Ет және ет өнімдері113,0114,8115,9113,3110,2113,2110,6
Сүт өнімдері, жұмыртқа, азықтық май және тоң майы102,0107,3101,0106,0102,5103,5109,8
Қант, шоколад, кондитерлік өнімдер103,7111,6106,1102,1107,8110,5109,1
Макарон өнімдері115,8112,6100,6102,2106,2107,6108,7
Кофе, шай, какао және дәмдеуіштер110,7111,1104,1104,2105,0107,2108,4
Сусындар109,2107,5104,1104,5104,1103,7104,9
Темекі өнімдері114,1109,2107,1102,4102,0106,9104,3
Азық-түлік емес тауарлар110,7112,0104,2104,3102,4105,6103,2
Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Алтыншы кестеде өнім топтары бойынша 2015 – 2021 жылдар аралығындағы көтерме саудада сату бағасының индексі арқылы көрсетілген мәліметтер орын алуда. Дәлірек айтатын болсақ осы көрсеткіштер арқылы төмендегі парето диаграммасы тұрғызылған болатын.

 

Сурет – 3.  Өнім топтары бойынша  2015 – 2021 жылдар аралығындағы көтерме саудада сату бағасының индексі, пайызбен.

Ескерту: Деректер Ms Excel бағдарламасы арқылы автормен құрастырылған.

 

Сурет – 3 те бейнеленген парето диаграммасы арқылы көптеген көрсеткіштер көрініс табады деуге болады. Тұтыну тауарлары, азық-түлік тауарлары, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, азықтық май және тоң майы, қант, шоколад, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, кофе, шай, какао және дәмдеуіштер, сусындар, темекі өнімдері, және азық-түлік емес тауарлар 2015 – 2021 жылдар аралығындағы мәліметтерімен көрсетілген, сонымен қатар, парето диаграммасы да құрастырылған.

Қорытындылай келе, мақалада көптеген көрсеткіштер мен диаграммалар құрастырылған болатын. Атап айтатын болсақ, корреляция коэффициенті, парето диаграммасына да тұжырымдар келтірілген болатын.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ішкі сауда статистикасы // https://stat.gov.kz/official/industry/17/statistic/8
  2. Сыртқы және өзара сауда статистикасы // https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/8
  3. Баға статистикасы // https://stat.gov.kz/official/industry/26/statistic/8

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *