Мінез құлық ата-анадан беріле ме? Әлде ортадан қалыптаса ма?
Сейткамал Дамира
Әдеттегі әдебиет сабағы. Біз берілген тақырыпта емес,еркін тақырыпта әңгіме айтқанды ұнататынбыз. Бұл жолы да сыныптастарымның арасында бір-бірімен келіспеу басталды.
Мұғалім:
-адам бұл өмірде мінезімен көркем. Сондықтан мінездерің дұрыс болсын.
-ол ата-анадан берілсе қалай дұрыстаймыз?
-мінез ата-анадан берілмейді. Ортада қалыптасады.
Міне дәл осы сәттен бастап сыныптың ойы екіге бөлінді. Біреулер мінезді орта қалыптастырады десе, енді біреулер туғаннан болады дейді. Маған да бұл тақырып қызық болды. Оқушылардың ойын тыңдап отырып, биология апайдың сөзі есіме түсті:
«Ата-ананың бойындағы барлық нәрселер балаға биологиялық жолмен беріледі. Түр,дене пішім, бойының ұзындығы, тіпті шаш пен тырнаққа дейін ата-анадан балаға өтеді. Егер ата-анада қандай да бір ауру болса балаға берілуі әбден мүмкін. Баланың сөйлеуі, мінезі,белгілі бір нәрсеге икемділігі әкесі мен анасынан дариды.»
-меніңше мінез адамның өзіне байланысты. Адам өсе келе өзінің ортасына қарай мінезін қалыптастырады.
-өскенге дейін ше? Адамда мінез туа бітеді. Яғни, ата-анадан беріледі. Ол бір ортаға барғанда өзінің мінезін көрсетеді. Мінез сұрап бармайды.
-сұрайды деп тұрған жоқпын! Сол ортаға қарай бейімделіп,өзінің мінезін өзгертеді.
Мұғалім:
-балалар, тыныш.Сөйлемей отырғандар да өз пікірлерін білдірсін.
Балардың әңгімесі тоқтамады. Ақырын гуілдесіп отыр. Мен әлі ойланып отырмын.
Мұғалім бірнеше баладан сұрап, пікірін сұрады да:
-сен қалай ойлайсың?-деп ойланып отырған қыздан сұрады.
(Әдебиетке, пікірталасқа жақын болғандықтан әдебиет апай сол қыздың пікірін соңғы болып сұрап, қорытындысын жасайтын.)
Балалар да бұл пікірталастың аяқталып қалғанын түсініп,тынышталды.
Қыз:
-меніңше біз екеуін де жоққа шығара алмаймыз. Адамда тек туа біткен мінез болмайды. Тек ортадан мінез қалыптастыра да алмайды.Олар жинақталады. Мысалы мен осыған дейін мәселені ашумен емес, байыппен шешетін анам сиқты болсам, сендер арқылы мен ашық сөйлесуді,үнемі күлуді үйрендім. Яғни, мен анамнан берілген мінезді ысырып қойған жоқпын. Үстіне тағы бір мінез қостым.Қанша күліп, адамдармен ашық сөйлессем де, мәселені байыппен шеше аламын. Демек, адамның ортада қалыптастыратын мінезі туа біткен мінезін алмастыра алмайды,қосылады.Тек кейде өзіңе ұнамсыз мінезіңді ортаға сай түзей алсаң міне сонда ортаның мінезге көмегі тиеді.
Мұғалім:
-жақсы. Балалар! Не де болса адамның өзіне байланысты. Сендердің өсе келе қалыптастыратын мінездерің туа біткен мінездеріңе байланысты. Қайсысы жақын болса, соны бойға сіңіреді. Алайда, ақыл бар жерде мінезді басқару қиын емес.
Қоңырау да соғылды. Сонымен бұл әңгімеміз де аяқталды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718