“Ханның үш ұлы” ертегісі
Бақ қонған бас киім
Ертеде бір Жұман деген жарлы болыпты.Бірде ол балаларына тамақ табу үшін аңға шығады.Көп ұзамай бір елік атып алады.
Үйіне алып келе сала соя бастайды.Қарынын жарып калса. ішінен бір алтын жүзік жатыр екен. Сол жүзікті қолына алғаны сола екен жан-жағы қап-қараңғы болып кетеді. Бір кезде алдынан бір жас жігіт көрініп:
-Уа,Жұман, Қош келдің!- деп дауыстайды.
Түк тұсінбей қалған Жұман көзін қайта-қайта уқалап,түсім екен деп ойлап қалады.Қайта-қайта өз бетін өзі ұрғыштап: -Түсім бе, өңім бе?- деп абдырап қалды.
-Сенің алдыңда үш зат тұр.Соның бірін таңдап ал, -деп жігіт алдына жаңа етік, тамақ тола қазан және оюлы бас киімді ұсынып:-Етікті таңдасаң-тек жақсы жерлерге барасың, тамақ толы қазанның тамағы ешқашан таусылмайды,баскиім- жай ғана баскиім,- дейді.
Жұман көзін ашып қарады. Еш ойланбастан оюлы бас киімді таңдады. Басына киіп алды.Жан-жағына қараса өз төсегінде жатыр екен.
-Мұны қайдан алдың?!-деген бәйбішесінің даусы саңқ ете қалды.
-Оййй,бәйбіше,саған өтірік,маған шын.кешегі атып алған елігімнің ішінен алтын жүзік шықты.Соны қолыма ала бергенде,-деп басынан өткенді айтып берді.Бәйбіше;-Неге аяқ киімді таңдамадың?-деп сұрайды.
-Тек жақсы жерге барсам,жаманның қандай боларын ұмытамын ғой-дейді.
-Неге тамақ толы қазанды таңдамадың?Ең болмаса балаларға тамақ іздеп әуре болмас едің.Үйде жатып тамақ іше беретін едік.Мына бас киімнің не керегі бар саған?-дейді.
-Өй,бәйбішем-ай!Бәрі дайын болып тұрса,тамақ өзі ауызға түсе берсе, менің
жатып ішер жалқаудан қай жерім артық болғаны? Менде жөні түзу бас киім жоқ өзің білесің.Аяғымда әкемнен қалған ескі етігім бар.Сен тамақ істейтін қазанымыз бар емес пе? «Бұйырған кетпейді»-демекші аузымызға бұйырған ас кетпес,-дей бергенде әлгі жас жігіт Жұманның көзіне көрініп:
-Әй,Жұман, сен дұрыс жасадың. Бұл негізінде Бақ қонған бас киім еді. Сенің қанағатшылдығың мен ақылдылығың сенің бағың болды. Бұдан былай басыңа тек бақ қонсын,-деп ғайып болды.
Қанғатшыл Жұманның өмірі тек қуаныш пен жақсылыққа толы болды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718