Музыка – табиғи өнер
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Мектеп: «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Нугумарова Балжан Нурнагымкызы
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: –
Сабақтың тақырыбы: Музыка – табиғи өнер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.Т/А.4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.
7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтап, идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдап, жинақы мәтін жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтап, идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдап, ізденіп, мәлімет жинап өз ойын білдіре отырып жинақы мәтін жазады.
Бағалау критерийі 1. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
2. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді ажырата алады
3. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:Оқушылар мәтінді оқып, стилін анықтайды,тақырыпқа сай тапсырмаларды орындайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: симфониялық оркестр, гамелан, симфония, Италия, опера, Франция,
Құндылықтарға баулу Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық орта қалыптасады. Музыка әлемі туралы ақпарат алады, музыканың табиғи өнер екенін түсініп, адам өміріндегі маңызын ұғынады.
Пәнаралық байланыс тарих, музыка
Алдыңғы оқу Сүйіспеншілік бастауы- туған жерді сүю
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
8 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, күндеріне сәттілік тілеу.
Қызығушылықты ояту
Сазгер Сәкен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйін және авторы белгісіз «Қобыз» күйін тыңдату.
1. Қандай күй деп ойлайсыңдар?
2. Сазгердің домбырада ойнаған күйі сендерге қалай әсер етті?
3.Араларыңда музыка өнеріне жақын оқушылар бар ма?
Миға шабуыл
1. Кімге қай аспапта орындаған күй ұнады?
2. Қобыз әлде домбыра ?
Оқушылардың қай аспап бойынша орындалған күйді таңдағанына қарай топқа бөлінеді және WhatsApp желісі арқылы «Домбыра», «Қобыз» топтарын құрады, бүгінгі тақырыпты болжайды.
Оқушылар сабақ мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Содан кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.
https://www.youtube.com/watch?v=MANxj0LHZyI
Домбыра және қобыздың суреттері салынған қима қағаздар
Ортасы 8 мин
3 мин
7 мин
7 мин
«Ой қозғау» әдісі:
1.Музыкалық аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Ал музыканың қандай түрлерін білеміз?
«Түртіп алу» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жасайды.
Оркестр, фортепиано, опера,симфония, Гамелан
1.Тыңдалым. 2-тапсырма. Өлеңді тыңдап,қандай тақырыпта жазылған монолог екенін анықта.
«Аударыспақ» әдісі арқылы көршілес жақын партада отырған сыныптасымен WhatsApp желісі арқылы жұптық жұмыс жасайды.
2.Айтылым.3-тапсырма. Өлең мазмұны бойынша жұп болып диалог құрыңдар.
Диалогтың сұрақтары:
• Қобыздан қандай әуен төгіледі?
• Ақын әуенді қандай образдарға теңейді?
• Музыка нені бейнелейді?
• Музыканы адам не үшін тыңдайды?
• Тыңдалған мәтін стилін анықтап, дәлелде
Тыңдалым мәтінің көркемдеуіш сөздері:
Алтайды күңірентіп шықты лебіз, біресе асау тайдай ойнақ салды, біресе сары нардай ырғалады, біресе жүйрік желдей кетеді есіп, асқарды аттап өтті, желменен жапырақтай күбірлесіп, бірде мұз, бірде дауыл, бірде жалын.
ҚБ
Дескриптор Бал саны
Рөлге кіріп сөйлеу 1
Дауыс ырғағын келтіру 1
Сөйлеу мәнерін сақтау 1
Сергіту сәті
• Балалар, алда қандай мейрам келе жатыр?
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне Н.Ә.Назарбаев сөзіне жазылған, Бекболат Тілеухан «Елім менің» әні карокемен орындалады.
Оқулықпен жұмыс.
Оқылым. 4-тапсырма. (Топтық жұмыс) Мәтінді оқып,қай стильде жазылғанын анықта. Тақырып қой.
«Кезбе тілші» әдісі
Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, өзара анықтап алады)
Оқушылар WhatsApp желісі арқылы құрылған «Домбыра», «Қобыз» топтарында жұмыс жасайды
Дескриптор
– Мәтін мазмұнын топта талқылап, әңгімелеп береді, қай стильде жазылғанын анықтайды. Тақырып қояды.
– Әр топтың баяндамашысы өз бақылау нәтижелерімен таныстырады.
Топтар бір-бірін бағалайды
Дескриптор Балл
саны «Домбыра» тобы «Қобыз» тобы
Тақырыбын анықтағанмен, стилін ажырата алмайды 1
Стилін анықтағанмен, тақырып атауында алшақтық бар 2
Тақырып пен стильді анықтай алады. 3
Кері байланыс орнату.
1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?
2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
Талдау тапсырмасы
Жеке жұмыс
«Салыстырып оқу» стратегиясы
Тыңдалымның 2 тапсырмасы (А4 парағында)
Оқылымның 4 тапсырмасындағы (А4 парағында) мәтіндерді оқып, «Венн диаграммаға» түсіреді.
ҚБ
Дескриптор Балл
саны
Тақырыбын анықтайды 1
Мақсатты аудиториясын анықтайды 1
Тілдік ерешеліктерін анықтайды 1
Ұқсастықтарын табады 1
«Білу, түсіну, қолдану» әдісі
арқылы жеке жұмыс
Айтылым. 5-тапсырма «Кім ізденгіш?» ойыны. Суретте қандай оркестр бейнеленген? Осы оркестр туралы ізденіп, мәлімет жинап жинақы мәтін жаз
– «Симфониялық оркестр» туралы бейнежазба
көреді
– Ғаламтор желісінен симфониялық оркестр туралы
мәлімет іздейді
– Суретте қандай оркестр бейнеленгенін
анықтайды.
ҚБ коментарий әдісі
Дескриптор
Ойы жинақы,сөздері орамды
Дауыс ырғағын сақтайды
Мәліметтер маңыздылығының рөлі Музыкалық аспаптардың суреті. Оқулық
слайд
үнтаспа
оқулық
youtube
Бейнежазба
ғаламтор
слайд
Слайд
Соңы 5 мин ҚБ қорытындысын шығару
10 балл шәкілімен әр оқушының қалыптастырушы бағасын күнделіктеріне қойылады.
«Жетістік баспалдағы» арқылы рефлексия жүргізіледі слайд
2 мин
Үйге тапсырма: 6 тапсырма 81 бет “Астана Опера театры” туралы шағын мақала жазу.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
2.Барлық оқушыларға тақырыпқа сай мысал келтіру, оларды мазмұндай білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне мазмұнға сай сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға оркестр туралы қорытынды жасау, өз түсініктері бойынша ойлары арқылы олардың білімдерін кеңейту. 1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.
2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара оқушылармен бірлесе құрастырылған дескрипторлар арқылы бағалау парақтары дайындалды
3. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану
5. Қб (комментарий)
Рефлексия
Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы
Оқушылар симфониялық оркестр туралы, жалпы музыка жайлы жан-жақты ақпарат алды. Мәтін тақырыбы,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтады. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстырып, талдады.
Ия, тиімді болды
Ия үлгердім
–
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Күйлерді тыңдату арқылы топқа бөлу
2: «Аударыспақ» әдісі арқылы көршілес жақын партада отырған сыныптасымен WhatsApp желісі арқылы жұптық жұмыс жасау
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Білу, түсіну, қолдану» әдісі арқылы жеке жұмыс Айтылым. 5-тапсырма «Кім ізденгіш?» ойыны. Осы оркестр туралы ізденіп, мәлімет жинау
2: Талдау тапсырмасы «Салыстырып оқу» стратегиясы бойынша жеке жұмыс
Тыңдалым. 2 тапсырмасы (А4 парағында) Оқылым. 4 тапсырмасындағы (А4 парағында) мәтіндерді оқып, Венн диаграммаға түсіру.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Тапсырмаларға дескрипторларды оқушылармен бірлесіп құру.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718