Батырға деген құрмет, елге деген құрмет!

Жайлан Гүлғасыл

Тұрмайтын жау сертінде

Зұлымдыққа сенді ме, —

Бұзып кірді бір түнде

Бұқпантайлап келді де,[1]-         демекші, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. Бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ ұлтының 103 азаматы бар.  Кешегі Ұлы Отан соғысында  от-жалын кешкен майдангер әкелер рухы ешқашан ұмытылмайды. Осы сұрапыл соғыс күндері өз есімдерін алтындай таспаға жазып кеткен батырлардың орны да ерекше. Бүгінгі ұрпақтың негізгі парыздарының бірі-осы батыр ағалардың атын өшірмеу, жоқтатпау[2, 3 б.].

Барша халқымызға белгілі осынау Ұлы жеңіске жету үшін совет жауынгерлері, бүкіл халық 1418 күн мен түн бойына созылған ұзақта қиын жолдардан өтті. Иә, сол сұрапыл жылдарда біздің Қаратөбе ауданымыздан да туған жерін, сүйікті Отанын зұлым жаудан қорғауға 3752 азамат аттанған. Егер осы деректерге талдау жасасақ 1027-сі елге оралған. 956-сы хабарсыз кеткен. Ал 837-сі қайтыс болды деп қара қағаз келген. Қайтыс болғандардың ішінде 158-і госпитальда, 3-уі тұтқында өлген. Біраз майдангер жараланып, елгеде оралған болатын [3, 19-20 бб.].

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбелік майдангерлері еліміздің көп ұлтты бауырларымен бірге әрбір айтулы шайқастарда Москва, Ленинград, Сталинград, Украина, Польшаны, Белоруссияны азат етуден бастап, Берлинді алуға дейін жетіп қаһармандық көрсетіп отырды. Қаншама жылдар өтседе, олардың майдандағы ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа қаз қалпында жеткізіліп келеді. Олар елге оралған соң өздерінің майдандағы ерліктері туралы талай рет естеліктер жазып, жастармен кездесіп, соғыс жылдарында бастарынан өткен оқиғалармен бөліседі.

Сондай майдангерлердің бір Неталиев Сағын 1914 жылы Қаратөбе ауданына қарасты Батпақкөл кеңестің Байғұтты ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепте білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1928-1930 жылдары Тайпақ ауданы Калмыков поселкасында қатардағы құрылысшы болып бастаған. Содан кейін 1930-1931жылдары Ресейдің Орынбор, Челябинск, Магнитагорск қалаларында құрылыста жұмыста болған. 1932 жылы елге оралып «Жаңабағыт» колхозында есепші (учетчик) қызметін атқарады. 1936 жылы қызметі өсіп, колхоздың бас есепші қызметіне тағайындалады. 1941 жылы неміс басқыншылары елімізге шабул жасап, халқымызға қауіп төндіргенде Сағын атамыз алғашқылардың бірі болып соғысқа аттанып, Калинин өңіріндегі №1227 атқыштар полкінде қатардағы қызыл әскер лауазымында сұрапыл шайқасқа қатысқан [4].                                                              1943 жылы ауыр жараланып, әскери дәрігерлік комиссияның шешімімен, сол қолынан алған жарақаттың салдарынан мүгедектік негіз бойынша елге оралды. Ол елге оралған кезде колхозда «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін» деген ұранмен еңкейген қариялар мен бала-шаға таңның атысы, күннің батысы тыным таппай жұмыс жасауда екен. Соғыстан жаралы келген атамыз өзінің күш жігерін доғармастан «Айна» және «Социализім», Ленин атындағы колхоздарда бас есепші болып жұмыс жасап, мігірсіз еңбек етіп Ұлы Жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. 1957 жылы аудан басшылығы Саралжын ауылындағы «Қарақамыс» байланыс бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындайды. Осы қызметінің барысында СССР Жоғарғы Советі Президумінің Жарлығымен «СССР-дің озық байланыс қызметкері» құрметті атағы берілді. Сағын атамыз бірнеше жауынгерлік медалдар мен тылдағы еңбектері үшін берілген төс белгілері мен мадақтау қағаздарының иегері. 1985 жылы Отан соғысының І дәрежелі ордені берілді. Майдангер пайдаланған заттар мен сөмкесі Батыс Қазақстан ІІД-ті жанындағы музейде сақтаулы тұр. Сағын атамыз 1986 жылы 2 тамызда қайтыс болды. Қазіргі таңда Сағын атамыздан 1 ұл, 2 қыз, 4 немере, 8 шөбере тараған. Аталған мәліметтер атамыздың ұлы аймағымызға танымал қоғам қайратері, өлкетанушы, шежіреші Т.С.Сағынұлынан алынды [4].                                                                   Ұлы Жеңістің 75 жылдының орны ерекше. Атаулы күннің қарсаңындағы шаралардың барлығы жастарды Отанымызды сүюге, ел-жерімізді құрметтеуге, патриот болуға тәрбиелейді. 9 мамыр – бұл бейбітшілік үшін болған ұлы күрес салтанат құрған күн. Бұл майдан даласында мерт болғандарды да еске алатын күн.  Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдарында неміс-фашист басқыншыларын жеңу үшін шейіт болғандар да, аман-есен оралғандар да, көзі тірі қалғандар да ел жадынан ешқашан ұмытылмақ емес. Отанын қорғау үшін отбасын елде қалдырып, қолына қару алған жауынгердің тағдыры әрқилы. Олар туралы тарих ұл-қыздарымызды батылдыққа, батырлыққа баулуға тиіс. Жыл өткен сайын батыр бабаларға деген сый-құрмет көбеймесе, азайған емес. Біз қаза болған батырлардың есімдерін білеміз де, есте ұйстаймыз. Біздің санамызда олар әрқашан да кірпік қақпай, бейбітшілік пен адамзат дұшпандарының жасырын арам ниеттерін дер кезінде ашып,  оларға қарсы тұра білген тұлғалар ретінде сақталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.