2-тапсырма. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа
бағдар» атты мақаласын оқиды, сабақ тақырыбына
қатысты ой-тұжырымдарға конспект жасайды.
3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, өзекті
мәселелер туралы өз ойын айтады, кластер құрады.
Тілдік бағдар. Синтаксистік нормалар туралы
мағлұмат береді, мысалдар келтіреді,
4-тапсырманы орындатады. Оқушылар берілген мәтінді өңдейді,
синтаксистік нормаға сай дұрыс жазады.
Дескриптор:
– сұрақтарға нақты жауап береді;
– мақаладан қажетті ақпаратты алады;
– оқылым мәтіні бойынша конспект жасайды;
– суреттерді сипаттайды;
– экстремизм жайлы ойын кластерге түсіреді;
– синтаксистік нормаларды меңгереді.
– синтаксистік норманы меңгереді.
Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй
смайликтері арқылы бағалайды.
11-тапсырма. https://youtu.be/bsygZ7STsu8
«Үздік инспектор» рөлдік ойынын
ұйымдастырады.
«ПОПС» формуласының негізінде оқулықтағы 13-
тапсырманы орындатады. Оқушылар мәтінді оқиды,
пікірлерін дәлелдейді, қарамен жазылған сөйлемдерге
синтаксистік талдау жасайды.
«ПОПС» формуласының құрылымы:
1. Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,… »
2. Екінші сөйлем «Себебі, біз оны … былай
түсіндіреміз».
3. Үшінші сөйлем «Оны біз мына …
деректермен, мысалдармен дәлелдей аламыз».
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты …
мынадай қорытынды шешімге келдік».
14-тапсырма. «Интервью» ойынының негізінде жұптық
жұмыс ұйымдастырады.
Дескриптор:
– мәтіннен қажетті ақпаратты алады;
– оқылым мәтіні бойынша конспект жасайды;
– сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды;
– диалог құрау арқылы білімдерін толықтырады;
– өзара коммуникативтік қатынас орнатады.
Қалыптастырушы бағалау.«Бас бармақ» әдісі
арқылы бағаланады.
Кері байланыс. «Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша
түсініктерін толықтырды.
Ойсергек. 12-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманың
шартын орындатады.
|