Вариативті компонент Бөлімі:Рухани жаңғыру Тақырыбы:«Монданақ»

 

                                                 Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы  №

 

Күні:

Тәрбиеші:

Вариативті компонент

Бөлімі:Рухани жаңғыру

Тақырыбы:«Монданақ»

Мақсаты:Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту.

Көрнекілігі:үлестірмелі суреттер,орамал.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+
Кіріспе бөлім Салеметсіздер ме балалар!

Шаттық шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:

Ұлттық ойын «Монданақ»

Амандасады.

 

 

Балалар өлең жолдарын қайталап,қимылмен көрсетеді.

 

   
Негізгі бөлім Әңгіме жүргізу.

«Монданақ» — үлкен кең бөлмеде немесе жазық көгалды алаңда ойналатын ойын, ойын ерте заманнан ата-бабаларымыздан келе жатқан өте қызықты ойынның бір түрі. Суреттерін көрсете отырып,ойын шартын түсіндіру.

 

Ойын барысы:

 

Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншылар аяқтарын ілгері созып, тізесін сәл көтеріп, шеңбер бойына дөңгелене отырады. Бүгілген тізелерінің астынан әрі-бері жүгірткен кезде орамал болуы керек, аяқтарының бастары шеңбердің ортаңғы нүктесінде түйіседі, тап сол жерде ойын жүргізушінің өзі отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортада отырған ойын жүргізушіні орамалмен жонынан тартып қалып, тез тізесінің астынан өткізе сала: «Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ»,— деп әндетіп қоя береді. Бұл дауысқа барлық ойыншылар қосылады. Ал ортада отырған жүргізуші орамалды ойнаушы жұрттың таңымдарының астынан іздей бастайды, бірақ қайда жүргенін таба алмайды, Бұл ойын түрін он немесе жиырма шақты бала  немесе үлкендер ойнауға болады.Бұл ойында жүргізуші орамалды тауып алған жағдайда

көпшіліктің ұйғаруымен өнер көрсетіп,содан кейін ғана орындарын ауыстырады.

Сергіту сәт:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел соғады,

Кіп кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

 

 

Балалар көңіл бөліп,мұқият тыңдап қарайды.

 

 

 

 

Жиналып шеңберге отырады.

 

 

Балалар қызығушылық таныта отырып,ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

«Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ»,— деп қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту жаттығуларын орындайды.

   
Қорытынды бөлім Жақсы, қатысқан балаларды мадақтау.

-Балалар,біз бүгін қандай ойын түрімен  таныстық?

-Бүгінгі «Монданақ» ойыны сендерге ұнады ма?

 

Сұрақтарға жауап береді

 

-Монданақ.

-Иә.

   

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:көнеден келе жатқан ойын туралы.

Түсінеді:монданақ ойынының ережесін.

Қолданады:суреттер,орамал,тақпақ және өлең т.б.қолданады

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *