«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»
Тәуелсіздік! Осынау ұлы сөзді естігенде жанымыз жадырап сала береді. Онысы дұрыс, өйткені, осы Тәуелсіздік ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған мұраты. Тәуелсіздікке жету жолында Қазақстан атты байтақ еліміз көп тер төкті. Сонау ұлт мүддесін көздеген ата-бабамыз рухынан бастап, елім, жерім деп от жүрегі лапылдап жанатын бүгінгі жас ұрпақтың түсініп жүргені қуантады. Қазақ, ертеден-ақ бірлігі жарасып, біртұтастықты сақтай білген ұлт. Сондықтан қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалы бекер айтылмаса керек.
Сәби болып шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен ана сүтімен дарыған осынау ұлы тіліміздің рухы біздің басты байлығымыз. Тіл –береке мен бірлігінің тұтастығы. Ал тәуелсіздік сол береке мен бірліктің тірегіш бөлшегі іспетті. Біз Тәуелсіз ел бола отырып көптеген ұлы қадамдар жасай алдық және де келешекте әлем елестетпеген асулардан асарымыз сөзсіз.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Біздің ата-бабаларымыздың қолы жетпеген егемендікке біздің қолымыз жетті. Осы үшін шүкірлік айтуға тиіспіз, әлбетте. Тәуелсіздік бұл – әрбіріміз үшін қасиетті ұғым. Біз бақытты ұрпақпыз. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз, келешек ұрпақ үшін деп, яғни мына сіз бен біз үшін елімізді, жерімізді қорғау жолында қасық қаны қалғанша аянбай, күресті. Кезінде сонау зар заман ақындары мен жыраулары еркіндікті, теңдікті аңсап жырға қосты. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті арта түсері сөзсіз. Тәуелсіздік бізге Алланың берген ең үлкен сыйы. Бүгінде біздің жер бетіндегі барлық дербес мемлекеттер сияқты біздің елдігімізді айғақтайтын Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз бар.
Егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих
Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 30 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен–күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік –Ту, тәуелсіздік – ауа, жер – су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады.
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы – өжет, ұлы – қайратты, халқы – қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсізігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 30 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.