Махаббат
Махаббат адамның өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі. Мезгілсіз, ескертусіз жүрекке барып бойлайды. Адамның ішкі дүниесіне төңкеріс , кейде ұлы соғысқа алып келеді. Адамның ішкі төңкерілісі, өзгерісі, жұмсақтығы біліне бастайды.
Махаббат… Адамның алғаш ғашықтық сезімді сезінуі, алғашқы қуаныш, алғашқы іштегі лып еткен от, тіпті алғашқы сүйіс, алғашқы қателік… Әр адамның “ Өмір”- дейтін том-томдаған кітабында осы сәттер әртүрлі уақытта , әртүрлі адамды есте қалдырған естеліктері. Сол адамды көргенде эмоцияңды ұстай алмай қалған кездер, айтуға батылы бармай іштегі оты талай адамдарды жандырғаны да белгілі нәрсе.
Қызғаныш қателік деген нәрселердің ықпалынан талай адамның жұлдызы жанбай жатып сөнді. Махаббат екі жанды да өз өртіне аяусыздан жандырып әкетті.
Қаншама адамдарды өзгерткен , қаншама жүрегі мұздап, жалғыздықтан жаураған адамдарды жылуымен толтырып, сүйе алмайтын адамға өмір мәнін ұқтырған ұлы күш.
Барлық адамға берілетін бақ, бірақ біреуге ерте … біреуге кеш… біреуге бақыт… біреуге сор…. біреуге ұзақ… біреуге қас қағым. Ғашықтың бәріне бірге болу бұйырмаған. Себептері де әртүрлі. Ұнатпаған адамың кейінірек сол ұлы сезім сезіліп, сен үшін өмір мәніне айналуы мүмкін.
Махаббат қызық сезім . Жалын . Қайғы-мұң. Жылулық. Қателік.
Барлықтарыңызға сүю және сүйікті болу бақыты бұйырсын
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718