`C-Ш дыбыстарын ажырату” логопедиялық сабақ

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнаулы мектеп-интернаты, Атырау қаласы

Логопед Лукпанова Аягоз Бактыгалиқызы

 

Логопедия Жеке сабақ

 

Тақырыбы: С-Ш дыбыстарын  буында, сөзде, сөйлемде  ажырату

Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының  артикуляциясын  нақтылау, дыбыстарды  буында, сөзде,  сөйлем ішінде  ажырату, дыбыстарды дұрыс  айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып  сөйлеуін, сөздік  қорын  арттыру.

Түзете дамыту мақсаты: Ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, жазу каллиграфиясын түзеу.

Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: айна, шар, су, слайд, суреттер т.б.

 Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар, суреттер, кеспе әріптер.

Жүру барысы:

Іс-әрекет кезеңдері Логопедтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мотивациялық қозғау І. Ұйымдастыру.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшады. Жаңбыр жиі жауады. т.б.

Күз мезгілі туралы әңгімелейді.
Ұйымдастырушылық ізденушілік ІІ. Тыныс алу жаттығуын жасау.

Шарды үру. Суды үрлеу.

-Балалар, біз не үрледік?

-Шар және су.

-Шар сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Су сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Өте жақсы. Біздің бүгінгі тақырыбымыз с-ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату.

ІІІ.Артикуляциялық жаттығулар жасау.

1.«Айтқанға көнбеген тілді жазалау» Мақсаты: тілді босаңсыту.

Бала тілін төменгі ерінге қойып, жоғары ернімен «пя-пя-пя» деп тигізіп айтады, содан кейін тілді жалпақ күйге келтіріп, созып шығару, 1-ден 10-ға дейін санағанша ұстау.

2. «Тісті тазалау»  Мақсаты: тілдің ұшын тістің сыртында ұстап тұруды үйрету.

Баланы жымитып, тілдің ұшымен төменгі және жоғарғы тістердің ішкі жағын тазалаймыз.

3. «Тәтті тосап»  Мақсаты: тілдің алдыңғы жағының қимылын дамыту

Күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілмен жоғары және төменгі ерінді жалаймыз.

4. «Кесе»  Мақсаты: тілдің «шәшке» түріне келтіре алуын қадағалау.

Ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеу керек.

 ІV. С дыбысының артикуляциясын еске түсіру.

Ерін жымиып, күлімсіреп тұрады. Тістердің арасы 1 мм ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады. Тілдің ортасы көтеріңкі, ауа ағыны суық, еркін өтеді. Тілдің бүйір жақтаулары жоғары азу тістерге тиіп тұрады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

С дыбысы ысқырыс дауысссыз дыбыстарға жатады. С қатаң дауысссыз дыбыс.

V. Ш  дыбысының артикуляциясын еске түсіру.

Ерніміз дөңгеленеді. Тістердің арасында 1-2 мм саңылау болады. Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріліп тұрады, бірақ таңдайға тимейді. Тілдің бүйірлері азуларға тиеді. Тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатса, жылы ауа сезіледі. Ш дыбысы ызың дауыссыздарға жатады. Ш қатаң дауысссыз дыбыс.

VІ. «Ашық буынды, жабық буынға алмастыр» ойыны

Са-ас, ша-аш, шо-ош, се-ес,шу-уш, су-ус, ше-еш,си-ис, ши-иш.

VІІ.Фонематикалық қабылдауын дамыту

Бірнеше сөздер айту, с дыбысы бар сөздерді айтқанда қызыл түсті көтеру, ш дыбысын айтқанда көк түсті көтеру.

Шана, сана,сабақ, шабақ, шаш, лас, аласа, алаша,мысық, қысық,кеше, кесе,су, шу.

VІІІ.Суретпен жұмыс. Оқушыларға суреттерді үлестіру. Сол суреттер арқылы с, ш дыбыстарын ажырату.

ІХ.«Жұдырық, тақтай, алақан». Ұсақ моторикаға арналған жаттығу орындау.

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

Жіптегі түйіншікті шеше отырып, с, ш дыбыстарына сөздер ойлау.

Х.Тіл ұстарту жаттығулары

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша-ағаш.

Са-са-са – би билейді жараса

Іс – іс – іс-  піседі жеміс.

ХІ.«Жоғалған дыбысты тап». Сөздерг С,Ш дыбыстарын қою.

….аны…қы           …..атыр        …..ағала          жа…тық

…..ұжық                жу….ан       а…қабақ          …ауы…қан

….ызғы….             қап…ық        …ырнай         бағдар…ам

ХІІ.Сергіту сәті

Суда біз жүземіз,

Тауға да біз шығамыз.

Шынығамыз жүгіріп,

Шынығамыз секіріп,

Шынығамыз адамдап,

Бір мезгілде демаламыз, дамылдап.

ХІІІ.«Адасқан сөздерден сөйлем  құрау»

Кішіпейіл бала әрқашан үлкендерді сыйлайды.

Күләш қазақ халқының бұлбұл әншісі.

ХІV. Мәтінді оқып, с.ш дыбыстарын қою.                                                      Ла…ын

Ла…ын  жыртқы…  құ… . Оның арқа…ы көк …ұр, ал алқымы ақ …ұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және …үйір.

ХV.«Адасқан әріптер»        Өлеңдегі қатені түзеу

Шабақ оқып, бес  алдық,                        Бөркін киіп башына,

Бүгін алдық, кеше алдық.                       Үйден сықты асыға.

Ілінді сортан қармаққа,                          Төбет шүйек кемірді

Сортанды өзің салмақта.                        Содан күнде шемірді.

ХVІ.Жаңылтпаштар айту.

«Ш» -ға тілін келе ме?

«С» боп кете бере ме?

Тілін келсе сен енді,

Айта қойшы тездетіп,

«Шана-сана» – дегенді.

Сорпа іштік,

Сорпа ыстық.

Сондықтан қорқа іштік.

 

Тыныс алу жаттығуын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар айнаға қарап, артикуляциялық жаттығуларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С дыбысының артикуляциясын еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш дыбысының артикуляциясын еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буындарды алмастырады.

 

 

 

С, Ш дыбыстарын ажыратады.

 

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс жүргізеді.

 

 

Ұсақ моторикаға арналған жаттығуды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Тіл ұстарту жаттығуларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғалған дыбыстарды табады.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

Сөйлемдер құрайды.

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

Өлеңдегі қателерді түзейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңылтпашты жатқа айтады.

 

 

Рефлексивті түзетушілік Бүгін қандай дыбыстарды өттік?

С-Ш дыбыстары қандай дыбыс?

С,Ш  дыбыстарын айтып көрші?

С,Ш дыбыстарына сөздер ойла

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: С-ш  дыбысын ажыратуды, дұрыс айтуды;

Нені игереді: С-Ш дыбыстарының сөзден орнын табуды, сөздерді буынға бөлуді;

Нені қолдана алады: Суреттерді атауды, жаңылтпаштар айтуды, артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жасауды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *