Желідегі қауіпсіздік
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | ІІ БӨЛІМ. Денсаулық және қауіпсіздік | |
Педагогтің аты-жөні | ||
Күні: | ||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Желідегі қауіпсіздік | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 8.4.2.1- желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау(интернеттегі алаяқтық пен агрессия) | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Желі қолданушыларының қауіпсіздігін сақтау, кибербуллинг және фишингпен күресу жолдарын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: Желідегі алаяқтық пен агрессияға барудың салдарын анықтайды. Кейбір оқушылар: Желідегі алаяқтық пен агрессияны болдырмауға жаңа идеялар ұсынады. |
|
Бағалау критерийі | · Желі қолданушыларының қауіпсіздігін сақтау жолдарын айқындайды.
· Кибербулинг, фишинг және интернеттегі алаяқтықпен күресу жолдарын ажыратады. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Сабақтағы жоспарларған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер/тапсырма | Қалыптастырушы бағалау | Саралау | ||||||||||||||
Сабақтың басы:
2 мин
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.түгелдеп алу. “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
«Мозайка» әдісі Оқушыларды сурет қиындыларын біріктіру арқылы екі топқа бөлу. · Желілер · Вирустар
|
Сурет қиындылары |
||||||||||||||
3 мин | Алдынғы сабақты пысықтау.
Ой қозғау. «Қарлы кесек» әдісі. Тапсырма 1 : Оқушыларға арнайы интерактивті тақтаға төмендегі сұрақтар беріледі. Өздері параққа сұрақ жазып бір-біріне лақтырады, қағып алған сұраққа жауап жазып, кері қайтарады. Жауап жазылған парақты ашып оқиды.
|
Берілген жауаптарды талдай отырып, бір-бірін бағалайды. |
Қағаз бөліктері
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы:
2 мин
|
Сөздікпен жұмыс: «Түртіп алу» әдісі
Ø Компьютерлік вирус – Компьютерный вирус – Computer virus Ø Әлеуметтік желі – Социальная сеть – Social network Ø Желідегі қауіпсіздік – Бесопасность в сети – Network Security Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Балалар үш тілділікке дағдыланады
|
|
Оқулық, дәптер | |||||||||||||
10 мин | Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.
Тапсырма 2: Оқушыларға оқулықтағы жаңа ақпаратпен танысуға яғни мәтінді оқуға нұсқау беремін. Содан кейін жұптасып бір-бірімен қабылдаған ақпараттары жайлы ой бөліседі.
|
Топтар бір-бірін сұрақ қою арқылы бағалайды. |
Ресурстар арқылы жаңа тақырыпты интернет көзінен, оқулықтан танысады | Оқулық
|
||||||||||||
3 мин |
Тапсырма 3. Жеке жұмыс Сәйкестендіру
|
Өзін-өзі бағалау. Интерактивті тақтадан дұрыс жауап көрсетіледі |
||||||||||||||
11 мин | Топтық жұмыс. Постер қорғау
Тапсырма 4. Екі топ оқушылары желідегі алаяқтық пен агрессияны болдырмауға жаңа идеяларын ұсынып, қорғайды. |
Дескриптор:
-алаяқтық пен агрессияны болдырмауға идея ұсынады; -берілген тапсырманы талқылап сыныпта постер қорғайды
|
Жіктеу(көмек талап ететін оқушымен белсенді оқушыны жұптастыру) |
Плакат, маркер,т.б.
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин |
Қорытындылау Тапсырма 5. Сабақтың соңында Kahoot! бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын алу.
|
Тест сұрақтары
|
https://create.kahoot.it/creator/7776c45e-a58c-4056-8613-d8c9b1dc52db |
|||||||||||||
Рефлексия
3 мин |