Латын жазуы- әлемдік өркениетке жету жолы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (Ахмет Байтұрсынов)

 

– Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу! Бұл бүгін ғана айтылып отырған жоқ.  Бұл қазіргі заман талабы. Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс. Себебі латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады». Осы талапты ескере отырып, біз жаңа әліпбиді жан-жақты талқылап, әрбір әріпті, әрбір таңбаны, әрбір белгілі терең талдауымыз қажет. Себебі тіл мәселесінде, жаңа әліпби мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек, – деді Н.Нығматуллин. Ол өз сөзінде латын әліпбиіне көшу ең алдымен қазақ әліпбиі мен орфография ережелерін реформалауға бағытталғанын және сол арқылы тілдің фонетикасы мен графикасының сәйкестігі қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Үкіметтің аталған мәселені орын­дауға қатысты нақты көзқа­расы бар. Латын әліпбиінің бірың­ғай стандарты бекітілгеннен кейін оны біртіндеп енгізу шаралары қолға алынуды. Ол ­жоспар барлық салаларды қамтиды. Себебі тіл коммуникацияның әмбебап құ­ралы болып саналады» деп латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мо­бильді қосымшалар мен ақпа­рат­тық бағдарламаларды шығарудың ­ма­ңыздылығына мән берді. «Әліппемізді латын таңбасына көшіру жайы қоғам арасында қызу талқылануда.  Осыған орай, бүгінгі күн­ге дейін тиісті ведомстволар мен ғылыми-сарапшылық инс­ти­тут­тар және халықаралық шең­бер­де­гі ұйымдар арасында жан-жақ­ты талқылауларға сеп болған ғы­лы­ми-практикалық конференция­лар ұйымдастырылуда.еле бойынша өз ой-пікірлерін жеткізді.

– Біз бүгін еліміз үшін, тіліміз үшін, діліміз үшін, рухымыз үшін тарихи мәні бар, шын мәнінде тағдыршешті мәселені қарастырып отырмыз. Неге бұл мәселені тағдыршешті деп айтамыз? Мұның мәнісі мынада. Біз жазуымызды жаңғыртпақ­шымыз. Жазуды жаңғырту – тілді жаңғырту. Тілді жаңғырту – елді жаңғырту.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *