9 МАЙ “ДЕНЬ ПОБЕДЫ”

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің бастауыш мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. Естімейтін балаларда оқу мен іс-әрекеттің қалыптасуы, өзін-өзі реттеуі жоғары психикалық қызметтердің: есте сақтауы, зейіні, ойлауы, елестетуі мен сөйлеу тілінің жеткіліксіз дамуы аясында жүзеге асады. Сондықтан есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептер мен сыныптарда оқу жоспарына «Түзету ырғағы» пәнін кіріктірудің қажеттілілігін көрсетеді. 3. Естімейтін балаларға арналған «Түзету ырғағы» пәнінің мақсаты – ішкі және сыртқы жағдайларға бейімдей отырып, негізгі бұзылыстардың орнын толтыруға бағытталған керекті негізгі қимылдарды үйрету, музыкаға деген құштарлығын арттыру, музыканың әртүрлі жанрларын түсініп, есту қабілетін дамыту, сол арқылы эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырып, көркемөнер мен шығармашылық қабілеттерін дамытады. 4. «Түзету ырғағы» сабағын жүргізу – музыка тыңдау, ән айту, музыкалық қимыл жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б. іс-әрекет түрлерінен құралады. Ән айту барысында балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі. Сондықтан хормен орындауға үйретудің алғашқы кезеңінде балалардың ән айту тәртібінің сақталуы жіті қадағаланып, ән айту барысында тынысты үнемді пайдалану тәсілі мен есту қабілетін дамытатын вокалдық тапсырмалар беріледі. 5. «Түзету ырғағы» пәнінің негізгі міндеттері: 1) пән арқылы естімейтін балалардың қоғамдық мәдениетін дамыту; 2) музыкалық білімдеріне сүйене отырып, естімейтін оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу;

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *