Қайырымдылық – игі істердің бірі!

Ізгілік жасаудың көрінісі адамның қасиетінің бірі. Ұрпаққа адамгершілік, имандылық, мәдени құндылықты бойына сіңіру, баулу үлкендеріміздің парызы. Осы қасиеттерді жастар бойына сіңіре отырып, игі істерді, қайырымдылықты жасауға талпынады. Жүректерін имандылыққа, парасаттылыққа бейімдеу әрбір азаматтың жадында сақталу қажет. Қайырымдылық іс-әрекетін жасау ең маңызды мәселе ретінде қарастырғанымыз жөн. Әрбір адамдарға жылы сөйлесеңіз елжіреп, көңілі көтеріліп қалатыны анық. Сол сияқты мұқтаж жандарға қолдан келгенше барынша байланыста болып, өмірге деген көзқарастарын оятып, көмек қолын созу адамзаттың игі іс-әрекеті деп білеміз. Қазіргі таңда жастар сапалы білім ала отырып, көптеп қайырымдылық шаралар жүргізуде. Әр тұлға өмірде бір-біріне жанашырлық танытып, қайырымды-мейірімділік жасап, көмек қолын созса – қамқоршы бола алады. Міне осы қамқоршы бола отырып, тұлға ретінде жастарымыз жаңа мүмкіндіктерден қалыс қалмай, түрлі ЖОО-да игі істер атқаруда. Кәсіби білікті ғылыми, және педагогикалық мектептердің, университеттік дәстүрлердің басты көзі бола білген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Білім ордасында әр түрлі жобалар, патриоттық және тәрбиелік сонымен бірге, «Қайырымды қоғам» атты челлендж іс-шаралар жиі өткізіледі. «Қайырымды қоғам» челленджін қолдау негізіндегі мақсаты мұқтаж жандарға, отбасына үміт сәулесін силап, көмек қолын созу. Осындай жастардың ниетімен игі істер жасалса Білім ордаларымыз әлі де биік шыңдарға жететініне сенеміз! Сонымен қатар, Әр қалада белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары сияқты ұйымдар көптеп жұмыс атқарады. Яғни, оның мақсаты қарттарға сонымен қатар, мұқтаж жандарға әлеуметтік-мәдени демалысты ұйымдастыру және зейнеткерлерді оқыту сияқты іс-шаралар жасалады. Орталықтарда егде жастағы адамдарды белсенді өмірге тартуға бағытталған әр түрлі қызықты бағдарламалар өткізіледі. Ұйым қызметкерлері.студенттер егде жастағы адамдарға смартфондар мен компьютерлік сауаттылықты меңгеруге көмектеседі, сонымен қатар сандық технологиялар мен Интернет кеңістігінің әртүрлі қосымшаларын түсінуге көмектеседі. Өз кезегінде, зейнеткерлер жастармен ықыласпен сөйлесіп, олардың өмір тарихымен бөліседі.
Елімізде қайырымдылық қорлары көптеп саналады. Қорлардың негізгі мақсаттары
Қоғамда азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту; мейірімділік, гуманизм және өзара көмек қолын созу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың, балалардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған және т.б.
Қайырымдылықтың сауаптылығы өте зор, мол сауапка кенеледі. Ниеттеніп қамқорлық жасау, жақсы істерге бет бұру әркімнің азаматтық парызы деп білеміз.
Өзге жандарға жомарттылықты таныту, көмектесуді әдетке айналдырсақ имандылығымыз одан да арта түседі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
аға оқытушысы Султанова А.М.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *