Журналисттің құқықтық құзіреттілігі
Журналисттің кім екенін,қандай іспен айналысатынын барлығымыз білеміз.Ал журналисттің құқықтары мен міндеттерін білетіндер бірең-сараң. Журналистің құқықтары мен міндеттері көп.Олар ақпаратты іздестіріп жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқықты.Журналист ҚР Заң актілерінде тыйым салынған жадайларды қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға құқықты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында кепілдік берілген.Журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуа құқықты.Қоғамда болып жатқан әрбір іс-әрекетке үн қату, әр оқиғаны талдап жазу, оны елге жеткізу журналистің қызметі. Қалың халықтың сауатын көтерумен қатар, санасына жеткізу арқылы, ұлт сапасын жақсартатын да қалам ұстаған қауым міндеті.
Бүгінде журналистік қызметтің бостандығы ең маңызды проблемалардың бірі. Тәуелсіз елдегі баспасөз бостандығы кешегі кеңестік баспасөз бостандығынан өзгеше. Сонда да баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары әлі де зерттелуде. Себебі журналистика қызметі бостандығының проблемалары аз емес. Оларды шешу бүгінгі күннің міндеті.
-Қазақстанда сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындықтарға ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді,-деп «Тасжарған» газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай,сұқбаттардың бірінде айта кеткен еді.
Адамдардың пікір айту құқығын шектеп, әрекетке бастайтын пікірлерді тұншықтырып тастасақ, қоғам жақсы дамиды және қауіпсіз болады деу қиын. Керісінше қоғам қауіпсіз болмаса, азаматтар ашық пікір білдіре алмайды және адам құқықтары бұзылады. Осы екі ұғымның басын қосып, бір жерге тоғыстыру оңай емес. Үкімет өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелерінің екі бағытта сөйлейтінін, біреулері қауіпсіздік десе, екіншілері еркіндік керек дейтінін жиі байқап жүрмін. Екі тараптың тіл табысқан тұстарын табу қиын.
Есенгелді Дильназ
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718