Жомарт күз
Түркістан облысы
Жетісай ауданы , Ж.Ералиев ауылы
№ 51 ” Дəуір” жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабулова Несипкуль Балыкбаевна
Мұғалімнің аты-жөні: Кабулова Несипкуль Күні: 07.09.2020
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жомарт күз
Мақсат- міндеттері: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал — мәтелдер жинағы
Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру — Балалар, бүгінгі оқу іс — әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік. Балалардың жауаптары: — Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр. — Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады. Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі — Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу. Тірек сұрақтар: 1. Қазір қай мезгіл? 2. Күз екенін қайдан білдіңдер? 3. Неліктен жомарт күз дейміз? 4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер? 5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер? 6. Күз туралы не білесіңдер? 7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу. Элеватор — мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат. Егіс алқабы — бидай,
екенін ажыратады. Үлгі жауап: — Мынау — қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген. Дәптермен жұмыс Сұрақтарға жауап беру. 1. Күзде жапырақтарда өсімдіктерде қандай өзгерістер болады? 2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады? 3. Күзде бау — бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі? тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала. Қырман — астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң. ә) Бидайдың сабағының суретін салу. б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.
Қорытынды Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды. Сарғайды тоғай, Сап — сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. — Маңай, айнала неге сап — сары? Тоғай неліктен сарғайып кеткен? — Құстар қайда және не үшін қайтып кетті? — Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Айнала). — Құстар қайтып кетті дегенді ше? — Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Күтілетін нәтиже:
· балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
· оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау