Менің отбасым

НУРИМОВА БАКТЫЛЫ МЕНДИГОЖАЕВНА

Отбасым менің байлығым

Жүрегіммен сонда жайлымын.

Бақыттың нағыз бастауы

Ұмыттырар ашу-қайғыны.

 

Бəйтерек сынды жанұям

Қазынам менің-қариям

Атамнан үлгі аламын

Ақылы асқан дария.

 

Өрнекті ойлы қорғаным

Бағалым менің қолдағы

Айналдым асыл əжемнен

Алғысымды ғана жолдармын.

 

Сыйлаған жарық əлемді

Əлдилеп шырқап өлеңді

Анама тағзым етемін

Бақытқа бізді бөледі.

 

Болмасам-дағы əкелі

Жанұям-бақыт мекені

Сездірмей бізге қиындық

Анашым бəрін өтеді.

 

Бауырларым менің-жұдырық

Жүреміз бірге жұмылып

Отбасы деген ордамыз

Елім деп ерте ұғынып.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *