Баяндама . Тақырыбы: «Атырау өңірінің өндірістік, экологиялық мәселелері»

Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды.  Бұл алпауыт мәселе қазіргі Атырау өңірінің көкейтесті сауалы болып отыр. Шыны керек, бүгінгі таңда еліміздің мұнайлы астанасы атанған Атырау қаласының біреуге берерінен, өзіне келер зардабы мол. Бізді, атыраулықтарды қатты алаңдататын нәрселердің бірі – Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Теңіздегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеттердің жоқтығы, Каспийдің экологиясы бүгінгі күні дағдарыс деңгейіне жақындығы, теңіздің, теңіз жанындағы жердің, ауаның ластануына әкеліп соқты. Тірі ағзалардың, жәндіктердің, өсімдіктердің азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәселелер болғанман, әлі шешуін тапқан жоқ. Иә, мәселенің ауқымы мұнымен шектелмейді. Қазақстанның басты гидросфералық қоры Каспий теңізінің биологиялық ластануынан химиялық ластануы әлдеқайда басым.

Еліміз бойынша ең лас қалалар үштігіне еніп отырған Атырау өңірінің ластану ошағын үшке бөліп қарастырайын. Біріншіcі – мұнай компаниялары. Қазіргі кезде мұнай және мұнай өнімдерін кең көлемде өндіру, тасымалдау, өңдеу барысы қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғуда. Соның ішінде «Атырау мұнау өндеу зауыты» шикізатты өңдеп қана қоймай ,өз аймағының экологиялық әлауқатын біршама есеңгіретті. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған флора мен фауна биоценоз құрамының өзгеруін туғызып отыр. Осы тұрғыда айта кету керек тағы бір мәселе топырақ және егін шарушылығы. Химиялық ластанудың біршама көзіне душар болған өңірдің топырағы қуантатын жағдайда емес. Мен бұл түгел Атырау облысын қамтып жатыр демеймін, алайда тұзды, құнарсыз, өз минералдарынан айырылған жер сізге несін береді? Бұл жағдайда егіншілікпен айналусыдың бізге де табиғатқа алып келер пайдасы қандай? Әрине билік басындағылар мұндай жағдайға көз жұмып қарамайда. Бүгінгі күні аймақтық экология мәселесі, топырақ мәселесі Атырау облысын қолға алып отырған басты міндеті. Мұнайдың бізге алып келген қиын қызметі мұнымен шектелген жоқ. Атырау тек мұнайлы қала деп емес сонымен қатар КСРО заманынан балықтың отаны болып есептелді. Бұл біздің халықтың қуанышы да азығы да болып отырған жағдай. Алайда ластанған теңіздің салдарынан көптеген тіршілік иелері өмір сүруін тоқтатып жойылып кеткен болатын. Антропагендік себептермен «Қызыл кітапқа» енгені қаншама. Көріп тұрғандарыңыздай бір ғана мұнайды өндіру бір мәселені емес, бүтін елді ойландыратын жайт болып отыр. Көптеген мектеп оқулықтарында мұнайды игеру , мұнайды алу жолдары көптеп қарастырылған. Мысалы, 10 – сынып оқулығы «Қанықпаған көмірсутектер» тарауында  Мұнай және табиғи газдар туралы толығырақ айтылған. Алайда, неліктен көп жағдайда мұнайды қолдану аясынан кереғар тұсын айтпасқа. Экологиялық мәселе өскелең ұрпақты алаңдату керек деп ойлаймын. Қанша тұстан, әлемдік нарық, экономикалық жағдай мемлекеттің жағдайын жақсарса да, еліміздің экологиясы алдыңғы орында болу керек. Себебі, көшбасшы елдердің көрікті келбеті болу үшінде дені сау ұрпақ пен таза тіршілік көзі керек. Яғни, бірінші болам десең халық пен экологияға басымдық беру керек секілді.

Екінші қарастырғым келетін экологиялық жағдай – қаладан шыққан тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондар. Атап өтейін, бұл тек Атыраулықтарға қатысты проблема емес. Өндірістік, тұрмыстық қалдықтардың дұрыс игерілмеуі немесе жойылуы бүтіндей елді біріктіріп тұр. Қалай ойлайсыз, сіз тұрмыста күнделікті шығаратын қалдықтар қайда әкетіледі не болмаса қалай өңделеді? Арнайы көліктермен тасымалданған қоқыс жай ғана полигондарға тасталады.  Ойлап қараңызшы, тап таза игерілмеген топырақ қазылып, тұрмыстық қалдықты көмуге арналған полигондарға айналады. Бұл бір не екі қазылумен шектелмейді. Қалада, өңірде қаншама тұрғын үй, жұмыс орындары бар. Толығымен көмілген полигон іс жүзінде игеруге де жарамайды. Менің ойымша, жылдар өте осындай баппен еліміздегі жердің көптеген бөлігін жай ғана көмілген қалдықтар алады.

Үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы. Қайткен күнде де Атыраудағы ауаның шамадан тыс ластануына басты себептердің бірі осы мәселе. Айта-айта жауыр болған проблема үкіметтік қолға алынбай тұр. Неліктен? Жағымсыз иістің шығуы, жердің қайта өңделмеуі оларды мүлдемалаңдатпай ма? Төгілген су қайта тазартудан өткен соң қайда кәтеге асырылады? Бұл да бір ойландыратын сауал. Қаладағы бүкіл кәріз қалдықтар «Атырау Су Арнасы» тазарту құрылғылары арқылы өтеді. Ал бұл, бүге-шүгесіне дейін келтіргеніме кешіріңіздер, мыңдаған атыраулықтың ішектерінен шыққан нәрселер ғана емес, қаладағы бүкіл ауруханаларды, мүрдехана мен мал соятын цехтарды қосқандағы компаниялар мен мекемелердің сарқынды сулары. Мен бұл аймақтарды өз көзіммен көргенмін. Ең қорқытатын нәрсе аумақтың маңында тұрғын уйлердің болуы. Ең «лас» деп есептейтін Үндістан мен Африка елдерінің жағдайын ойлағанша, неге өз қамын, елінің экологиялық дағдарыста тұрғанынын ойламасқа.

Бұл барлық проблеманың  тек бір бөлігі ғана. Иә, қуантатын жағдай емес әрине. Елдің жағдайы бір адамның құзырында тұрған мәселе емес  деп ойлаймын. Қаншама жан жануар, қаншама тіршілік иелері құрып кету үстінде. Неге? Ешкім өзінен мін таппайды. Не болсада біреу кінәлі. Сіз ойлап қараңызшы, сіз секілді адам қаншама. Қамқорлық тек үйдің аясында шектелмеу керек. Табиғат сізге өз жемісін береді, ал біздердің оған береріміз көп пе? Санаулы шығар иә? Қолыңызға күрек алып бір ағаш отырғызсаңыз олда еңбек. Жай ғана сенбілік тазарту жүргізіңізші, өзіңіз ғана жеңілдеп қалмайсыз, тілі жоқ болса табиғат ана сізге рахметін айтады. Мен бұл баяндаманы жазуда тек қазіргі өңірімнің жағдайын сипаттағым, көрсеткім келмейді. Сіздерге, Қазақстандықтарға үндеу болсын деймін. Біз өз болашағымызды өзіміз құрушылармыз. Өскелең ұрпаққа үлгі болам десеңіз үлгіге тұрарлық іс жасаңыз. Еліміздің ертеңі еңселі болсын!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Сауле Иманғалиева:

    Өте дұрыс айтылған 👍🏻

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *