2021 ЖЫЛ-ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖЫЛЫ

Шынайы тәуелсіздікке апаратын жол өте қиыншылықпен келді десек артық айтпаған болар едік. Елбасының өзі атап өткендей, «осы жылдар ішінде Қазақстан басқа мемлекеттер үшін ғасырларды қажет ететін қиын жолдан өтті». Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қызметтің барлық саласында – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлеуметтік мемлекет құруға қарай қозғалыс, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту, мемлекеттік құрылысты тереңдету сияқты орасан зор табыстарға қол жеткізді. Қазақстанның нарықтық экономикасы бар Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы өмір салтының, ойлау мен іс-әрекеттің түбегейлі өзгеруі есебінен болды. Елбасының саясаты “алдымен экономика, содан кейін саясат”іргелі қағидаты бойынша елді дамытуға бағытталды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы деп білеміз. ғасырлар бойы қаншама ұрпақтың арманы болып өткен тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырған бүгінгі жастар бақытты десек қателеспейміз.

Тәуелсіздіктің үш онжылдығы Қазақстан үшін экономикалық прогресс пен орнықты даму дәуіріне айналды. Тәуелсіздік тұғыры-еліміздің еркіндігі! Егеменді ел болып, туымыз желбіреп асқақтауда.  Тәуелсіздіктің 30 жылы Қазақстан үшін прогресс пен тұрақты даму дәуіріне айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Тәуелсіздік Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі ретінде қызмет етеді. Тарихы терең, тамыры терең ел үшін Қазақстан үшін одан асқан құндылық жоқ. Бұл ең қымбат қазына, ең құпия мүлік. Ендігі күні іргетасы сапалы қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ. Өйткені, қазақ деп соғар жүрегі бар әрбір алаш баласының жұмылатын тұсы, ешбір тайсалмайтын ісі де осы Тәуелсіздік болуы тиіс. Сондықтан, біз ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздікті бағалаймыз. Егемендік – кез-келген халық ала бермейтін баға жетпес игілік. Тәуелсіздігіміздің шежіресі Тұңғыш Президенттің тарихи тұлғасы – Елбасымен тығыз байланысты ». 2021 жыл тарихи және маңызды жыл болуға уәде береді. Қазақстан 10 жылдық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Алдағы жылдарға көп нәрсе жоспарланған. Тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстан тарихындағы жаңа демократиялық мемлекет, жаңа қоғам құрудың басталған маңызды оқиғасы болды.

Әлемдегі кез-келген ел үшін Қазақстан үшін тәуелсіздік мемлекеттіліктің берік тірегіне айналды және егемендіктің сенімді негізін құрады.  Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін мереке күні алға тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың бейбіт өмірі үшін іс-әрекетті жалғастыруымыз керек. Осы мақсатта қазіргі таңда қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің тәуелсіздік жылдарында халықаралық деңгейде дамып, елеулі алдыңғы орындарға ие болуда.  Тәуелсіздікті аса құрметтейтін жетекші оқу ордасыныі студенттері мен оқытушылары жыл сайын айтулы күнді іс-шара ретінде өткізуді дәстүрге айналдырған. Елдің 30 жылдық Тәуелсіздігі барысында қол жеткізілген жетістіктерде әрбір қазақстандықтың еңбегі, оның ішінде ҚазҰУ ұжымының үлесі де бар.  Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Сол мақсатты орындау жолында аянбай күш-жігер жұмсау, басты борышымыз. Сол себептен де халқымыздың жүректері кең болып, құндылығымызды жоғалтпауға, басқаларды құрметпен қаратуға мықты болуымыз керек! Егемендігіміздің тұғыры биік болуына халқымыздың ұйымшыл, қуатты, ынтымақты болуы бейбітшіліктің белгісі, ол үшін өз құндылығымызды қастерлеп, дәріптеуіміз керек. Бұның бәрі өз қолымызда!

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының

 аға оқытушысы Султанова А.М.

әлеуметтік жұмыс мамандығының

 1-курс докторанты Төленді Ш.Қ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *