Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Абай атындағы Репсубликалық ​​​​​​     мамандандырылған дарынды балаларға

​​​​​ арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете ​​​​​​оқытатын орта мектеп-интернатының 9 «Ә» ​​​​​ сынып тәрбиешісі Ағадилова Бақыткүл Берқалиқызы

Тәрбие сағаты. Ұлттық құндылықтартәрбиенің түп қазығы

Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған  шешендіксөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздердінасихаттау мақсатында тәрбие сағатыжоспарын ұсынып отырмыз

ТақырыбыҰлттық құндылықтартәрбиенің түпқазығы.
Мақсаты:   Оқушыларды ұлттық құндылықтардықұрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарбіздің тіршілігімізбабаларымыздан қалған асылмұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігіқанатты сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар.
Түрі:  танымдық кеш
Әдісі:  сұрақжауап, пікірлесу. Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді)
Барысы:
1.Ұйымдастыру
Шаттықшеңбері

Ой толғаныс.
Құндылық дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын айтады.

Бейнеролик көрсету

Мұғалімнің кіріспе сөзі

      Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына қанып өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат қалыптасады. Ендеше сөздердің назарларыңызға 9ә сынып оқушыларының «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұсынамыз. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.

Кешті екі жүргізуші бастайды.

Жүргізушілер ортаға шығады.

Ерлан:Армысыздар, құрметті оқушылар,  ардақтыұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтартәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатымызғақош келдіңіздер!
Менің елімҚазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.

Назерке:ЕлбасымызЕліңнің ұлы болсаң, еліңежаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтыңұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолындажан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдіңде иесі екеніңді ұмытпа» деген болатын. Расындада, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – бізболамыз.

Ерлан: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтыныңарасында өз ұлты үшін қызмет қылатынболғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлттәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп МағжанЖұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушыегеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенінескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы боларбілімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтаршыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігіміздітолғандырады.

Назерке:

Дұрыс айтасың, Ерлан. Себебі, тәуелсізмемлекетіміздің ертеңі рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халықұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбірмемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағызтолыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттыққұндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызызор.

Ерлан:Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз  «Таңқалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді.

Назерке: Иа, Ерлан, ендеше болашақ ел тұтқаларын ортамызға шақырайық. «Жырдуманның» қонақтарын қарсы алайық. Келіңіздер, төрден орын алыңыздар. Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тілімізболашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатынажетті деп жатамыз. Сіздердің тілге дегенкөзқарастарыңыз қандай?

Қарақат жауап береді.

Назерке:

Бүгінгі «Жыр думанға» жырдан шашу шашсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

Ортаға «Жыр думанның» қонақтары шығады. Оларкезекпен өлеңдерін оқиды.

Қарақат:  Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Нұрдәулет:  Көк байрағым, ар-намысым жігерім,

Әнұраным қайрат күшім тірегім.

Елтаңба бүкіл елдің тарихы,

Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін.

Бекарыс:  Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, атажолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

Қамарсұлу, Нұрсұлтан арнау.

Назерке:-Рахмет сіздерге. Жырдан шашу шаштыңыздар. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары көп. Қазақ «қазақ» деген атпен осы күнге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа жол-жосындарымен талай елді таңқалдырып келеді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында. Қазақтың салт-дәстүрлеріне шолу жасасақ.

Жанбота, Сабрина, Әділет ұмытылып бара жатқан.

Ерлан:-Рахмет. Келесі қонақтарға қояр сұрағым бар. Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?

Оқушылар:3,5,7 сандарын киелі санаған.

Ерлан:Ендеше, осы сандар туралы не білемізекенҚане, айтып көрейік.

Батырхан

Сырым Датұлының айтуы бойынша  үш көз:
Су анасыбұлақ
Жол анасытұяқ
Сөз анасы –құлақ

Әйгерім: Әнет Бабаның айтуы бойынша үш арсыз:       

Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

ФаризаҮш қуаныш: 1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі.    3.  Ісіңнің өшпеуі

Үш тәтті   Қалаулы

1. Жан тәтті

2. Мал тәтті

3. Жар тәтті                              

Бексұлтан:          

Бес қару:  Айбалта, найза, қылыш, садақ, мылтық.

Сымбат:          

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңінен мысал келтіретін болсам:      

Бес ақыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол,

Адам болам десеңіз

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жансая:                   

Жеті жетекші:

Адамның басшысыақыл

Жетекшісі талап

Жолаушысыой

Жолдасыкәсіп

Қорғанысабыр

Қорғаушысымінез

Сынаушысыхалық

Дамира өз жеті атасын айтады

Ақбота:      

Жеті қазына:

Ер жігіт

Сұлу әйел

Ақыл, білім.

Жүйрік ат

Қыран бүркіт

Берен мылтық

Құмай тазы (ит)

Әдемі:              

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса сол жетім.

Назерке:-Рахмет сіздерге, бізге  көптегенмағлұматтар бердіңіз. Енді ортамызға «Сән думан»  қонақтарын шақырамыз. Бүгін бізде қонақта екіқолынан өнер тамған, Жолымберген Жазира Орынбекқызы. (Ұлттық киімдер видео)

Ерлан:Міне, қандай жарасымды. Біз ұлттық киімдерімізді тек мереке уақытында ғана кимей, басқа уақытта да ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүруді неге дәстүрге айналдырмасқа?! Сондай-ақ өзіміздің ұлттық сусындарымызды, дәстүрлерімізді насихаттауымыз керек. Мәселен,  кока-кола сынды зиянды сусындардың орнына  ұлттық қымызымызды қолданбасқа. Дамир мырза, сізде осы тұрғыдан қандай ойлар бар?,

Дамир:Шынымен де қазір көп балалар «Қандай сусынды жақсы көресің?» деп сұрасаң, Кола, Пепси, Спрайт деп жауап береді. Ал Кока-коланың адам ағзасына зиян екендігін білмейді. Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адамағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі.
Ал, қымызауруға ем. Қымызбен туберкулез ауруын емдеген, әрі адам ағзасына жақсы әсеретеді. Дәрумені мол. Қымыздың  құрамында:  А және С, Д, Е , Ғ, В 1,В 12 дәрумендері бар.

Ерлан:-Рахмет айтамыз саған Даурен. Сен бізгекөп мәлімет бердің. Ендеше, жоғарыда көрсетілген«Кока – Кола  мен Қымыз» сусынының пайдасымен зиянын ажырату балалар мен ата-аналардыңтаңдауында.

Назерке:-Табиғаттың тебіренген, қуанған шағыныңперзентіәнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы. «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқығаншаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанғаншабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. Думанымыздың келесі айдары «Әндуман». «Ән думанның» қонақтарын қарсы алайық.

Бегімай:Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағызқазақ қазақ емес, нағыз қазақдомбыра» дегенсөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымныңастарында қазақтың осынау киелі аспабынқұрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамдақазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайттыөмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған.
Домбырамен орындалатын күйарқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, ендібірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.

Ерлан:Нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй шертіп берсеңіз.

Әділет:-Ендеше, біз сіздерге Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін орындап берейік. Қабылалыңыздар.

Назерке:Қандай тамаша! Күйден кейін одан сайын шабытым ашылып кеткендей болды ғой! Дегенмен де, біз қанша қалап тұрсақ та, уақыт бізбен санаспайды. Сонда да бір қазақ болғасын, ұлттық құндылық десе, тоқтап қалмаймыз ғой, шіркін! Ендеше қорытынды ретінде  бірнеше мақал-мәтелдерді тауып көрсеңіздер.

*Туған жердің қадірін ……….(шетте жүргенде білесің),

* Намысы бар жігіттің………..(нар күшіндей күші бар),

* Талабы жоқ жас – ………….(қанаты жоқ құс),

* Ақылды өзінен көреді……..(ақылсыз ағайыннан көреді),

* Жақсының айтқаны келмейді………..(жаманың сандырағы келеді).

Назерке:

Жарайсыздар! Біздің сүйсініп, тоқтай алмай айтатын тақырыбымыз, ұлттық құндылықтар,жерді қанша айналып шақсақ та, одан артық алтын діңгек таба алмайтынымыз тайға таңба басқандай анық.  Ұлттық құндылықтарымыз жоғалса, біз де тарих сахнасынан кетеміз. Бұл тақырыпта айлар бойы талқылап, шаршамаймыз  ғой! Осымен біздің уақытымыз аяқталды. Сау болыңыздар! Тек ұлттық құндылықтарымыздың тәрбиенің түп қазығы екенін ұмытпаңыздар және әрбір жерде бұл асыл құндылықтарды әрдайым насихаттап жүріңіздер!

Бақыткүл апайМіне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі, ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбиесағатында айтып бітіру мүмкін емесӘлі де  оқып білмегенімізді толықтырамызХХІ  ғасыразаматының бойында  өркениетті  өміргеталпынатыната-баба дәстүрінжалғастыратынкіндік қамы тамған туғанжерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетінүлкен-кішіге мейірімді, ізетті, тектідені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *