Тарихты кезеңдерге бөлу бүгінгі қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтанда Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға әлемдік тарих ғылымында өткен дәуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тәжірибесі бар екені мәлім. Кезеңдеу – тарихи процестерді сараптау құралы ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан ол ең алдымен тарихи дамудың дәуірлері мен кезеңдерінің шартты белгілеріне қарай жіктеумен айқындалады. Осыған сәйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, қоғам ахуалының, мәдениетінің даму кезеңдері сараланып шығады. Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мәселе. Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті:
Біріншіден, тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау мәселесін туғызды.
Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе, өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді зерттеу, қорытындылаушы еңбектер жазу, Қазақстан аумағында өткен процестердің схемасы мен моделін құру мүмкін емес. Тарихты дәуірлеу – тарих ғылымы методологиясының аса маңызды тұстарының бірі.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін алғаннан кейін қоғам ішінде тарихи сана қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалды. Солардың бірі тарих ғылымы үшін аса қажет. Себебі маркстік-лениндік методология дағдарысқа ұшыраған сәтте ғылымның жаңа ұстанымдарын қалыптастыруда дәуірлеу мәселесін қайта құру қажет болды. Мұндай қажеттілікті мына төмендегі пікірлермен түсіндіруге болады:
1. Қазақстанның тарих ғылымында Қазақстан территориясында өткен тарихи процестерді уақыт үзіктері бойынша қисынды байланыстыратын айқын түсінік жоқ.
2. Қазіргі кездегі кезеңге бөлу уақытқа сай барынша жалпы типологияны ұсынады, ғылымның осы заманғы жетістіктеріне негізделген кезеңге бөлу жоқ.
3. Кезеңге бөлу критерийінің мәселелері тарихи процестердің өзіне тән белгілері белгілі сатыларға бөлудің түрлі принциптері жеткілікті талданбаған.
4. Қазақстанның тарих ғылымында кезеңге бөлу мәселелеріне байланысты категориялар мен түсініктер туралы қандай да болмасын біріңғай нақты ұғым жоқ.
“Дәуір”, “кезең” деген терминдерге ғалымдар әртүрлі түсінік береді, сондықтан әдебиеттерде өзара қарама-қайшылықтар орын алған.
5. Қазақстан тарихының жалпы әлемдік процеспен байланысы туралы жеткілікті түсінік жоқ,.
6. Бүкіл әлемдік тарихтың жалпы заңдылықтарын, онда Қазақстанның қоғам жүйесінің алатын орнын ескеруде маркстік-лениндік кезеңге бөлуден басқа кезеңдеу жоқ.
Әрине, мұнда біз Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері саласында ғалымдардың жетістіктерін мүлдем – жоққа шығарудан аулақпыз. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар бұл саладағы әжептәуір жетістіктері. Орта Азиядағы тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің алғашқы әрекеттерін мұсылман және орыс авторлары жасады. Осы зерттеулердің барысында кеңестік тарих ғылымы өсіп шықты. Тек кеңестік кезеңде Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселесі дербес ғылыми мәселе болып зерттеле бастады.
Дегенменде бұл мәселені зерттеу, тарихи ғылыми зерттеудің объектісі бола қойған жоқ. Сондықтанда біз таңдап алған тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды. Мұнда методологияны айналып өте алмаймыз. Методология – белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары, ол өзін теориялық жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптасуды талап етеді.
Тарихты жазуда Дәуірлеудің негізгі төрт белгілерін (эра, эпоха, период, (кезең) және этап (саты) көрсетіп, олардың әрбіріне анықтама береді;
Эра – өзінің ішкі қоғамдық мазмұнының және тарихи оқиғалардың өздерінен бұрынғы уақыт кесіндісінен өзгешелігін байқататын уақыт кесіндісі түсінігі;
Эпоха – уақыт кесіндісіндегі тарихи процесс, тарихи жүйелердің ауысуы ретінде көрінетін ұғым;
Период – белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың ауысуын көрсететін тарихи процестегі уақыт кесіндісі;
Этап – осы тарихи жағдай ішіндегі әртүрлі оқиғалардың тиянақтылығын бейнелейтін тарихи процестегі уақыт кесіндісі.
Дегенменде осы түсініктемелердің қолдауға тұратынын атап көрсетіп, өкінішке орай, Отан тарихын жазуда осы мәселеге мән берілмей отыр. Оқулықтарда әр тұрлі жазылып жүр. Енді кезеңдерді қарастырып көрейік. Кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстан тарихын төрт дәуірге (эпохаға) бөлгенін:
1. 1,6 млн – 5 мың жылдыққа дейін;
2. Ежелгі өндіруші шаруашылық дәуірі біздің эрамызға дейінгі 5 мыңыншы жылдан – ҮІІІ ғасырға дейін;
3. Көшпелі мал шаруашылығы немесе индустрияландырудан бұрынғы дәуір біздің эраға дейінгі ҮІІІ ғасырдан біздің эраның ХҮІІІ ғасырына дейін;
4. Көшпелі мал шаруашылығының дағдарысы немесе индустрияландыру қарсаңындағы дәуір ХҮІІІ ғасыр басынан 1917 жылға дейін; осы дәуірлерді кезеңдерге, ал кезеңдерді этаптарға бөліп олардың хронологиялық межелерін көрсеткеніне талдау жасайды.
Сондықтанда жоғарыдағы ойларды көптеген көзқарастар бойынша дәуірлеу мен кезеңдерге бөлуге кезеңдеуін ұсынайық:
Кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстан тарихын ІҮ дәуірге (эпоха) бөлінеді.
I. Алғашқы қауым өндіріс дәуірі (1,6 млн. жылдан – 5 мыңыншы жылдыққа дейін);
II. Ертедегі өндіруші шаруашылық дәуірі (б.з.д. 5 мыңыншы жылдан – ҮІІІ ғасырға дейін);
III. Көшпелі мал шаруашылығы немесе индустрияландырудан бұрынғы дәуір (б.з.д. ҮІІІ ғасырдан біздің эраның ХҮІІІ ғасырына дейін);
IV. Көшпелі мал шаруашылығының дағдарысы немесе индустрияландыру қарсаңындағы дәуір (ХҮІІІ ғасыр басынан 1917 жылға дейін келеді).
Дәуірлеуге бөлудің теориялық және методологиялық негіздері:
1) Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлудегі балама бағыттар мен көзқарастар. Дәуірлерді кезеңдерге бөлудің мәселелері.
2) Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихын кезеңдеудің өлшемдері (критерийлері): өндіріс әдісін ескерту: саяси-құқықтық жүйенің дамуын басшылыққа алу; этномәдени факторлардың ролін түсіну.
3) Кезеңдердегі Қазақстан халқының экономикалық, саяси және этникалық өркендеуін бейнелейтін комлексті ұстаным.
4) Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихын дәуірлерге кезеңдерге және этаптарға бөліп олардың хронологиялық межелерін көрсету басты міндет. Олай болса дәуірді кезеңге бөліп көрейік:
I. Алғашқы қауым өндіріс дәуірі (1,6 млн жылдан – 5 мыңыншы жылдыққа дейін):
1.1. Ерте өндіріс кезеңі (б.з.д. 1,6 млн-200 мың жылдық);
1.2. Ежелгі өндіріс кезеңі (Б.з.д. 200-40 мың жылдық);
1.3. Шаруашылықтық өндірудің өркендеу кезеңі (б.з.д. 40-10 мыңыншы жылдар);
1.4. Кейінгі өндіруші шаруашылық кезеңі (б.з.д. 10-5 мыңыншы жылдар).
II. Ертедегі өндіруші шаруашылық дәуірі (б.з.д. 5 мыңыншы жылдан – ҮІІІ ғасырға дейін):
2.1. Өндіруші шаруашылық кезеңі (б.з.д. 5-2 мыңыншы жылдықтар).
2.2. Өркениет қарсаңы кезеңі (б.з.д. ХҮІІІ-ҮІІІ ғасырлар).
Ал енді бұл кезеңдерді этаптарға бөліп көрейік.
2.1. Архаикалық этап (б.з.д. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар);
2.2. Өркениет қарсаңының ерте этапы (б.з.д. ХҮ-ХІІ ғасырлар);
2.3. Өркениет қарсаңының кейінгі этапы (б.з.д. ХІІ-ҮІІІ ғасырлар).
III. Көшпелі мал шаруашылығы немесе индустрияландырудан бұрынғы, біздің эраға дейінгі ҮІІІ ғасырдан біздің эраның ХҮІІІ ғасырына дейін.
3.1. Мемлекетке дейінгі немесе Сақтар кезеңі: (б.э.д. ҮІІІ-ІІІғ.ғ.);
3.2. Алғашқы көшпелілер империясы немесе Хун-Үйсін кезеңі (ҮІ-ХІІғ.ғ.);
3.3. Екінші көшпелілер империясы немесе Түрік-Қыпшақ кезеңі (ҮІ-ХІІғ.ғ.);
3.4. Үшінші көшпелілер империясы немесе Қыпшақ-Қазақ кезеңі (ХІІІ-ХҮІІІ ғ. басы.).
Ал енді бұл кезеңдерді этаптарға бөлуге келсек ол екінші кезеңнен басталады. Екінші кезең мынадай этаптарға бөлінген.
3.2. Алғашқы көшпелілер империясы немесе Хун-Үйсін кезеңі (б.э.д. ІІІ-ҮІғ.ғ.);
3.1. Хұндар империясының гүлденуі этабы (б.з. IIIғ- б. з.Iғ)
3.2. Хұндар империясының күйреуі этабы (б.з.IIIғ-б.з.VIғ)
3.3. Саяси жүйенің тұрақтануы;
3.3. Екінші көшпелілер империясы немесе түрік-қыпшақ кезеңі (ҮІ-ХІІғ.ғ.).
3.1. Түрік империясының гүлденуі; (түрік кезеңі VI-VIIIғасырлар аралығы);
3.2. Түрік империясының күйреуі: (Қимақ-Қарлұқ кезеңі VIIIғ-Xғ);
3.3. Саяси жүйенің тұрақтануы: (Қыпшақ-Қарахан кезеңі Xғ-XIIғ).
ІҮ. Көшпелі мал шаруашылығының дағдарысы немесе индустрияландыру қарсаңындағы дәуір ХҮІІІ ғасыр басынан 1917 жылға дейін келеді
4.1. Алтын Орданың құрылуы және гүлденуі: (Қыпшақ-Ноғай кезеңі XIIIғ-VIғасырдың басы);
4.2. Алтын Орданың құлауы және Қазақ хандығының құрылуы: (Ноғай-Қазақ кезеңі XV ғасырдың басы – XVIғ);
4.3. Саяси жүйенің тұрақтануы: (Қазақ кезеңі XVII-XVIII ғасырдың басы)
ІҮ – дәуірге келелік. Мұнда ІІІ – кезеңді көреміз.
I. Алғашқы кезең: Қазақ хандығының дағдарысты кезеңі: (ұлттық тәуелсіздік үшін күрес кезеңі), (ХҮІІІғ. Басы – 1821 ж.).
1.1. Қазақ хандығының құлауы: (ХҮІІІ ғ.- I жартысы).
1.2.Қазақ хандығындағы уақытша тұрақтану кезеңі (1750-1781ж)
1.3.Қазақ мемлекеттілігінің құлауы кезеңі (1781-1821ж)
II. Қазақстанды Ресейдің жаулау кезеңі: (Қазақтардың этникалық дағдарысы және отарлаудың басталуы: (1822-1867ж.).
2.1. Алғашқы кезең: Қазақстанды Ресейдің жаулап алуының басталуы кезеңі (1822-1836ж)
2.2. Кенесары Қасымов бастаған отаршылдыққа қарсы соғыс кезеңі (1836-1847ж)
2.3. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталу кезеңі (1847-1867ж)
III. Қазақстан Ресей империясы құрамында. (белсенді отарлау кезеңі. 1868-1891ж.ж.).
3.1. Отарлау тәртібінің қалыптасу кезеңі (1868-1891ж)
3.2. Отарлық тәртіптің орнығуы кезеңі (1891-1905ж)
3.3. Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі кезеңі (1905-1917ж)
Көріп отырғанымыздай дау тудыратын тарихшылар келіспейтін жерлерде баршылық. Ал мұның өзі түптің-түбінде тарихымызды дұрыс жүйелеп алуға, онан соң екшеп жазуға алып барады. Ол осылай дей отырып, кеңестік уақыттағы Қазақстан тарихын төмендегідей үш дәуірге және дәуірді кезеңдерге бөледі:
Қазақстан: жол таңдау (1917 жылғы ақпан – 1920 жылғы тамыз).
1.1. Қазақстан ұлттық-демократиялық мемлекет құру үшін күрес кезеңінде (1917жыл ақпан – 1918 жылдың басы).
1.2. Қазақстан азаматтық қарсы тұру жағдайында (1918ж. көктемі-1920ж. тамыз).
Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл империя құрамында (1920ж. тамыз – 1991ж. желтоқсан).
2.1. Қазақста алғашқы кеңестік реформалар кезеңінде (1920ж.-1925ж. соңына дейін).
2.2. Қазақстандағы “Кіші қазан” (1926-1928ж.ж.).
2.3. Қазақстан сталиндік реформалар және тоталитарлық жүйенің орныға бастау дәуірінде (1929-1941ж.ж.)
2.4. Қазақстандықтар фашистік Германияға қасы күресте (1941-1945ж.ж.)
2.5. Қазақстандағы сталинизм салтанаты (1945-1953 ж.ж.)
2.6. Хрущев реформаларынан туындаған Қазақстандағы өзгерістер (1953-1964 ж.ж.)
2.7. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің “кемелденуі” және “тоқырауы” және Қазақстан (1985-1991ж.ж.)
Қазақстан тәуелсіз мемлекет (1991 ж. желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін).
3.1. ТМД және Қазақстан (1991-1993ж.ж.)
3.2. Тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары (1993-1995ж.ж.)
3.3. Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықты мойындаған егеменді ел (1995-1998ж.ж.).
Сөз орайында айта кетерлік жайт, тәуелсіз Қазақстан тарихының кезеңдерін еліміз тәуелсіздік алуынан бастап, бүгінге дейінгі даму жолын алғаш Конституция қабылданып, ішкі интеграциялық процесс реттеліп, экономика тез қарқынмен дамып елдің еңсесі көтеріліп, халықтың жағдайы бір қалыпты тұрақтанған тұстағы мемлекеттің даму жолдарын кезеңдерге бөледі. Олар төмендегідей.
1– кезең Қазақстан мемлекеттігінің негізі қаланған 1991– 1995 жылдар, демократиялық иниституттар құрылып, жаңа саяси мәдениет қалыптастырылып, азаматтық қоғам негізі қаланған.
2– кезең 1996–2000 жылдар, көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет ретінде ұлтаралық, діндер аралық диалог жасасу үлгісін көрсетіп, әлемге таныла бастаған, экономикалық, саяси тұрғыда біршама биікке көтеріліп, әлемнің азулы елдерімен иық теңестіре бастаған.
3– кезең 2001–2006 жылдар деп үш кезеңге бөліп қарастырған Президент экономикалық өсусіз саяси даму болмайтынын, ол халықтың берекесін кетіріп, тұрақсыздыққа апарып соқтыратынын ескергендіктен, бірінші кезекте «алдымен экономика, содан кейін барып саясат» принципі ұсталғанын және оның үмітті ақтағанын атап өтті.
Бүгінгі күні қарап отырсақ, қолға алынған конституциялық реформаның ең маңызды бетбұрысы – Қазақстанның Президенттік басқару жүйесінен Президенттік – Парламенттік басқару жүйесіне ауысуы болған. Әрине мұндай басқару жүйесін әлем елдерінінің тәжірибелеріне сүйене отырып, мемлекеттік билікті Президенттің құзіретіне берілген құқықтың бір бөлігінің Парламентке ұсынуы деп есептеген жөн.
Дегенмен біздің ойымызша, мұндай кезеңге бөлуді саты деп алсақ болар еді. Өйткені дәуірлеуде «саты» қысқа мерзімді қамтитынын естен шығармауымыз керек. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, біз өз зерттеуімізде Қазақстан мемлекетінің өз алдына егеменді ел болып қалыптасуын мынадай кезеңдер мен сатыларға бөлуді ұсынамыз:
1– кезең (1991– 1997 ж.ж.) Қазақстанда тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан стратегиясы – 2030 мемлекеттік даму бағдарламасы (2000– 2030 ж.ж.). Осы кезеңді мына төмендегі сатыларға қоғамдағы болған ірі оқиғаларға байланысты бөлуді ұсынамыз.
1.1. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы;
1.2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД);
1.3. Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылысы;
2– кезең (1998– 2006 ж.ж.) Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықты мойындаған егеменді ел.
2.1. Экономикалық дамуы;
2.2. Қоғамның саяси дамуы;
2.3. Рухани дамуы;
2.4. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты;
3– кезең казіргі кезең.
1.1. Әміршіл– әкімшіл жүйенің дағдарысы. 1991 ж. 19 тамыз бүлігі. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің (ГКЧП). СОКП– нің қызметін тоқтатуы. Новоогорев келісімінің сәтсіздікке ұшырауы. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс сьезі және партияны тарату. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкіл халықтық сайлауы. Қазақ ССР– ін Қазақстан Республикасы деп атау. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң (1991 ж). Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
1.2. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру (ТМД). Одақтық келісімнің күшін жою және ТМД кұру туралы 1992ж. Белобеж келісімі. Орта Азия мен Қазақстан Республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейін тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесуі, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы, ТМД құру туралы Алматы Декларациясы (1991 ж).
1.3. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992 ж.). ҚР рәміздерін: Туын, Гербін, Гимнін бекіту (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.). Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993 ж.). Қазақстан халықтарының келісімі мен біртұтастығы қоғамдық институтының, Президент жанында консультативтік және келісімшілік орган Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытып айтар болсақ төмендегідей тұжырымдарға тоқталар едік: – Біз кезеңдер мен сатыларға бөлуде тәуелсіз қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдерінің теориялық– методологиялық мәселерін көрсетудің өз қиындықтары барын түсіндік. Ғылымның теориялық– методологиялық негіздерін, соның ішінде дәуірлеу мәселелерін зерттеумен арнайы осы бағытта дайындалған мамандардың айналысуы қажеттілігі байқалады. Мұндай мамандар даярлаудан қазіргі кезеңде қол үзіп қалдық.
– Қазақ тарихы ғылымын зерттеу үшін арнайы мамандар дайындайтын ғылымның теориялық– методологиялық мәселелерін оқытатын орталықты қалыптастыруымыз керек. Ол үшін теориялық– методологиялық тұрғыда жазылған еңбектерді, оқулықтарды алғаш қазақ тілінде жазуымыз керек. Бүгінгі күнгі тарих ғылымының мемлекеттік бағдарламасын түбірімен өзгертуіміз керек. Тарихшылар ортақ келісімдерге келуі керек. Тарихшылар шешетін мәселелер шаш етектен.
– Қазақ тарихын жазу үшін тарихшылар алғаш қазақ халқының этонгенезін анықтаудан бастау керек. Ол үшін түпкі тамырынан бастап сол этностың тарихи жалғасы кімдер? Қазақ территориясында мемлекеттік құрылымын ең алғаш қалыптастырған тайпалардың тарихи сабақтастықтарын анықтау керектігін ескерулері керек.
– «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты көптеген тарихи жаңа деректер ғылыми айналымдарға қосылуда. Сондықтан да тарих жазуда бұрынғы ғылыми айналымға қосылмаған ғылыми деректер негізінде жаңа методологиялық концепция бойынша саралап жазылуы керек.
– Бүгінгі ғылымда қазақ тарихы туралы оқулық жазу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу керек пе? Осы мәселелердің басын ашып алуымыз керек.
– Бүгінгі күні осы оқулықты жазатын мамандар бар ма?. Онда оқулықтар жеке авторлардың құзырында жазылуы керек пе?. Ол оқулықтар мемлекеттің қолдауы бойынша жазылуы керек пе?. Осы мәселелерді жүйелеп алып барып орта мектеп оқулықтары мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарды жазу керек.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *