Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен кемшілігі

Биыл елімізде енгізілген Covid-19 пандемиясының кезінде білім беру саласында едәуір өзгерістер орын алды . Covid-19 таралуын тежеу мақсатында , 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап, қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілді. Елімізде алғаш рет білім беру саласында , қашықтықтан оқыту жүйесін енгізілгендіктен , біршама кемшіліктердің болғаны рас. Сонымен қатар , қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны да болды.

Жалпы ,оқушылар үшін онлайн білім алудың, пайдасы мен зиянына тоқтала кетейін. Менің ойымша , қашықтықтан оқыту жүйесі балалардың денсаулығына , психологиялық және физикалық жағынан зиянын тигізді. Себебі , онлайн білім алу кезінде, оқушы кем дегенде бес- алты сабақ оқиды. Әр сабақ 40 минуттан тұратынын ескерсек , бала бірнеше сағат бойы компьютердің алдында отырады. Бұл баланың денсаулығына, психологиясына тікелей әсер етеді.

 

Онлайн білім алу кезіндегі кемшіліктер балаларға білім алуда едәуір зиянын тигізді. Атап айтатын болсам,компьютерлердің жетіспеушілігі, интернет желісінің кей елді-мекендерде болмауының кесірінен оқушылар үйде емін-еркін білім ала алмады. Олар дәптер кітаптарын арқалап , не үйдің төбесіне ,не сыртта сапасыз интернет желісімен қолайсыз жағдайда білім алды. Интернет сапасының нашар болғандығынан, сапалы білім алу мүмкін болмай тұр. Бұл білім сапасына айтарлықтай зиянын тигізді деп ойлаймын.

Менің ойымша, қашықтықтан білім алудың кемшіліктері мен зиянды жағы көбірек. Алайда,қашықтықтан білім алуға қолайлы жағдай жасалса , кемшіліктер түзелсе ,онлайн білім алу, біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі , халықаралық дәрежедегі бәсекеге қабілетті қоғам құруға зор мүмкіндік береді. Пандемия кезінде онлайн білім алудың пайдасы , короновирустық инфекцияның таралуын біршама тежеді, баланың өзін-өзі дамытумен айналысуына, отбасымен көбірек уақыт өткізуіне,
басқа да өзінің жеке хоббиларымен айналысуға мүмкіндік берді.
Қорытындылай келсем, онлайн білім алудың пайдасы да зияны да бар. Елімізде карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты әлі де онлайн білім алу жүйесін пайдалануға мәжбүрміз . Онлайн білім жүйесіндегі олқылықтардың орнын түзеп, интернет желісінің сапасын жақсартуымыз қажет. Себебі, болашақ–білімді жастардың қолында!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *