“Сұр қоян”

Ашық  ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық  картасы

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет

Тақырыбы: Қоян

Мақсаты: Жануарлардың ерекшеліктерін ескере отырып салуға үйретуді дамыту.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ жауап, ойын, сурет салу, түсіндіру, көрсету.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Тақпақ жаттау, қара сөз жаттау

Көрнекілігі: Қоянның суреттері,слайд,интерактивті тақта,

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалар іс – қимылы
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билингвалдық  компонент

Балалар назарын өзіне аудару.

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Күлкіменен қонақтарды,

Қарсы аламыз біз.

–          Қазір жылдың кай мезгілі?

–          Қыс мезгілінде неше ай бар?

–          Атап өтейк

 

–          Аптаның бүгін нешінші күні?

–          Бірінші күн қалай аталады?

–          Апта күндерін атап өтейік?

 

 

 

–          Енді орысша атап отеміз.

 

 

 

Өтілген сурет оқу қызметінен біз «Шырша» бейнесін салған болатынбыз.

–          Шырша түсі қандай болды?

–          Шыршаны біз қайда пайдаланамыз?

–          Шыршаны қырқуға рұхсат барма?

 

 

Жұмбақ

Құлағы ұзын,

Көзі қыли.

Қорқады да,

Жүреді ылғи.

 

–          Дұрыс балалар, бұл жұмбақтың шешімі қоян.

–          Балалар, қоян үй жануары ма, әлде дала жануары ма?

 

Қоян орманда өмір сүргесін ол дала жануары қоян деп саналады.

 

 

Бірақ үйде де өсірілетін қояндар  болады.  Оны балалар үй қояны – кролик деп атайды.

Үй қоянын көрсету.

 

 

–          Құлағы қандай?

–          Неше құлағы бар?

–          Қоян нені жақсы көреді?

 

 

–          Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қоян неден қорқады?

–          Йә, дұрыс балалар.

–          Балалар, енді назарларыңды бері аударыңдар.

Қоңыр қоян және ақ қоянның суреттерін көрсету.

Қоян туралы мәлімет беру (слайдтан көру).

Қояндардың  салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см. Қоянның терісі жұқа, жүні жұмсақ мамықтай болады.

–          Ал, енді  құлағына қарайықшы, қоянның құлағы тік, ұзынша болып келеді екен. Ол қорыққан кезде құлақтарын төмен қарай салбыратып, бүрісіп отыра қалады. Балалар, байқадыңдар ма, қоянның тұмсығының астында жіп сияқты мұртшалары бар екен. Бұл мұртшалары иісті ажыратып сезеді. Қоянның төрт аяғы болады. Алдыңғы екі аяғы қысқалау, ал артқы екі аяғы сәл ұзындау. Қоян қорқақ, өте үркек жануар. Сондықтан да көбіне ертегілерде қоянды «Қорқақ», «Ұзынқұлақ», «Қыликөз» – деп атайды.

–          Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Өйткені  ол қорқақ болған  соң табиғатта тіршілік үшін, қоян өзінің жауларынан қорғану үшін қыста қармен бірдей ақ тон киеді, ал жазда қоңыр тоны болады. Қоян туралы тақпақ, мағлұмат білеміз бе?

Нұрхан

Қоян – шөпқоректі жануар. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға , секіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді.

Еркеназ

Ор қоян –едәуір ірі аң. Ол орман тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Құлақтарының ұшы мен мұрны ғана қара болады.

Рамазан

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен ,

Ытқып – ытқып жүгірді.

 

Сергіту сәті.

Енді балалар Рамазанның  тақпағын әнге қосып айтайықшы.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен ,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

Таңғажайып сәт!

–          Есіктен қоян ырғып кіреді. (Қоян киінген бала)

–          Балалар, мына қорапты тауып алдым, ішін ашайын десем тысырлайды. Қорықтым.

–          Мен өте қорқақпын, қарным да ашып тұр.

–          Қоян сен қорықпа. Біздің балалар саған сәбіз дайындап қойды. Жеп тойып ал. Қоянға сәбіз береді. Тәрбиеші қораптың ішін ашқанда, ішінен қоян шығады. Керемет , балалар  мына қораптың ішіндегі  қоян екен. Қоянды көрсетеді.

Қоян

–          Мен өзім сияқты қоянның көп болғанын қалаймын. Мен өзімнің қандай екенімді білмеймін.  Ендеше мені суреттеп  бере аласыңдар ма?

–          Жарайды, қоян. Ендеше сені балалар суреттеп берсін.

Балалар жұмысы

Балаларға қажетті заттар таратып береді. Сырттай бақылап, бағыт – бағдар беріп отырады, көмектеседі. Балалар суреттегі сызықтардың үстін бастырып салып, бояумен бастырмалатып шығады.

–          Ал, енді қоян сен біздің балалармен бір ойын ойнап жібер.

–          Ойын «Өз мекенін тап» деп аталады. Парақ бетінде (Тышқан үйі, құмырсқа илеуі, тиінге ағаш қуысы, қоян інге сызықпен қосады.)

–          Жарайсыңдар, балалар! Өте тмаша!

–          Қоян секіріп қуанады. Балалар да секіріп қуанады. Кенет үнтаспадан түлкі, қасқыр, аюдың ақырған дауысы естіледі.  Қорқып кеткен қоян: Мен қаштым, кеттім, қорқам – қорқам. Мен тығылып өз ініме тез жетіп алайын. Олар мені жеп қояды. Сау болыңдар, балалар. Сау бол қоян, қоштасады.

–          Оқу қызметінде қандай тақырыппен таныстық?

–          Қоянды суреттеп, бейнелей алдық па?

–          Біз нені тамақтандырдық?

–          Қоян неден қорықты?

–          Ендеше Т. Бердияровтың  «Сұр қоян» өлеңімен оқу қызметімізді аяқтайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен ,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Қоян – заяц.

Сәбіз – марковь.

Қасқыр – волк.

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі

Үш ай бар.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Бірінші күні

Дүйсенбі

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі

 

Понедельник, Вторник, Среда, Четверг, Пятница, Суббота, Воскресенье

 

 

 

Жасыл

Жаңа жыл кешінде

Жоқ, тек мамандар кеңесімен.

 

 

 

 

Қоян

 

 

 

 

Үйде де, далада да өмір сүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі

 

 

 

Дыбыстан

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы Қоян туралы түсінік беру. Қоянды көрсету, суреттеп салу. Слайд тақтадан мәлімет алу. «Сұр қоян» әнімен  аяқтау. Қошеметтеу, мақтап, мадақтау. Балалар мәз болысады.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Қоян туралы мәлімет алып, түсініктерін тереңдетуді.

Түсінеді: Қоянның үсті жұмсақ, түсі ақ, қоңыр болатынын.

Қолданады: Сұраққа дұрыс жауап беріп, суреттеуді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *