Үлкен махаббаттың кішкене оқиғасы
Үлкен махаббаттың кішкене оқиғасы
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Мұхтар Шаханов
Ахмет Байтұрсынұлының қиыншылық пен азапқа толы кезеңдерінде де онымен бірге бола білген, жары үшін қиындықты лайықты түрде көтере білген Бадрисафа асыл жардың үлгісі іспетті .Сондай таза да асыл махаббат оқиғасы аңызға айналып әлі күнге дейін ауыздан ауызға тарап келеді. Олар бір-бірін жақсы толықтыратын еді . Бәдирсафа бойындағы нәзіктік пен қайсарлық үйлесімін тапса ,Ахметтің бойында батылдық пен жауапкершілік басым ,екеуіндегі ірі қасиет жанашырлық еді . Олардың жанашырлығы талай адамды өлімнен арашалағаны туралы естеліктер де бар . Соның бірі Ахметтің туған туыстарының бірі Әубек Сатыбалдыұлы бұл отбасының тектілігіне қайран қалып , жақсылықтарын ешқашан ұмымтпайтынын айтқан.
. Бәдрисафаның шын есімі Александра Ивановна болатын. Оның әкесі Аманғарағай орман шаруашылығында күзетші болып жұмыс істеген. Сол жердегі Әулиекөл ауылында Ахмет Байтұрсынов жаңа мектепте сабақ берді. Ахмет болашақ жарының ата-анасының көл жағасында орналасқан үйінде тұрған. Бұл көлді кейінірек тұрғындар Ахмет Байтұрсынұлына деген құрмет белгісі ретінде «Учительское» деп атады. Алғашқы таныстық осылай басталған .Ахмет өзінің өмірлік махаббатын алғаш осы жерде кездестірді. .
Мешітте мұсылмандық әдет бойынша некелерін қидырып үйленгеннен бастап -ақ,олардың үлкен махаббаты барлық кедергілерді жеңе білді . Ахмет көрнекті абыз – Зейнулла-ишандаға Бадрисафаны татар ретінде жазып,мұсылмандық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді үйренуі үшін мешітке дәріс алуға жіберген.
Бадрисафа шариғат заңдарын тез игеріп, күндерінің соңына дейін діндар мұсылман болып қала берді. Ахмет өзінің өмірлік серігі ретінде сұлу қызды емес, кез – келген уақытта оның жанынан табылатын дана әйелге үйленген. Осыншама қиыншылыққа қалай шыдағанына қайран қалмасқа болмайды. Бұл Бәдрисафа ханымды жасытпады, қайта асыл еріне деген құрметін арттырды. Олар бүгіні үшін емес , болашақ қамы үшін қиындықтарға мойымады.
Осындай қайсар әйеліне деген Ахмет Байтұрсынұлының көзқарасы да ерекше . Көбінің қазақтан қыз құрып па ,неге орысқа үйлендің дегендеріне осылай жауап беретін :
Бұл кісі Александра Ивановна,
Құдайдың мен риза
маған қиғанына,
Бір кәпірді мұсылман қып
сауаптасам,
Татымай ма он молда
Иманына .
(мағынасы :Бұл Александра Ивановна;
Мен оны кездестіргені үшін құдіретті Құдайға алғыс айтамын,
Мен бір кәпір адамға исламды қабылдаисам
Менің ерлігім 10 имам қызметіне тең емес пе?)
Аталған өлең жолдарын Құмкөл деген жерде айтқан болатын. Осы жолдардан – ақ Ахмет Байтұрсынұлының парасаттылығын көреміз . Бадрисафа қазақтың салт-дәстүрін жақсы білген, қарым-қатынаста ерекше мейірімділігімен, басқалардың қайғысына жанашырлығы және шынайы адамгершілігі арқылы да жарының және барша халықтың сүйіспеншілігіне бөленген . Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа есімдері халық арасында ұлы махаббат дастандарының бір ретінде еске алынады. Ұлт ұстазының ұлы махаббат оқиғасына А.Байтұрсынұлы
« Тіл – құрал » оқу – әдістемелік , ғылыми – зерттеу орталығынан өндірістік тәжірибеден өту барысында таныстық . Оған дейін атылған оқиғаны білгенімізбен толығырақ тәжірбие барасында білдік . Өндірістік тәжірибе барысында Ахмет Байтұрсынұлының мұражай – үйіндегі мол мұраларымен танысып , ғылыми тұрғыда тәжірибемізді арттырып келеміз . Өндірістік тәжірибе бойынша бізге жетекшілік етуші оқытушылар : PC.Имаханбет , Ш.А.Шортанбаев және ғылым магистiрi А.И. Есентаева .
Намаз МҰХТАРҚЫЗЫ , ҚазҰУ , филология факультеті
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 – курс студенті
жетекші , Лейла МЕКЕБАЕВА , ф.ғ.к. , аға оқытушы