Біреу және көп
Алматы қаласы. Жетісу ауданы.
КММ №103 санаториялық балабақшасы.
Тәрбиеші: Алибаева. Алмиа.Серикбаева
Тақырыбы: «Біреу және көп»
Тақырыбы: «Біреу және көп»
Мақсаты: Заттарды көз мөлшерімен салыстыру.Бір және көп затты ажырату.Логикалық ойлау ,қабілетін дамыту.
Шаттық шеңбері: Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүлде ашылды.
Қайырлы күн!
Біз нәзәк қыздармыз
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз.
Балалар біз бүгін сендермен «Біреу және көп» заттарды ажыратуды үйренеміз.
-Балалар мына суретте кішкентай алма нешеу?
-Алма біреу
-Ал екінші суретте үлкен алмалар нешеу?
-Кішкентай алмалар көп екен.
-Ал мына суретте үлкен шар біреу
-Кішкентай шарлар көп екен.
-Келесі суретте үлкен доп біреу
-Кішкетай доптар көп екен.
-Мына суретте саңырауқұлақ біреу , ал екінші суретте көп екен.
Ғажайып сәт: Есік қағылып ғажайып қорап келеді.Оның ішінде түрлі ойындар тапсырмалар бар екен.
«Қайсысы біреу» ойыны.
Шарты: Балаларға түрлі-түсті доптар беріледі. Үлгідегіге қарап осы доптарды бір ыдыстан екінші ыдысқа қасықпен салады. Көз мөлшері бойынша қарай отырып салады. Доптың қайсысы көп , қайсысы аз екенін айтады.
Саусақ жаттығуы «Салат жасау»
Сәбізді алып тазалаймыз , (оң қолды жұдырыққа түйіп , сол қолдың алақанына ысқылайды ).
Үккішпен үгіп майдалаймыз , (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап , жоғары – төмен қозғайды).
Қантты сеуіп дәмдейміз , (саусақтардың ұшымен қант себеді ).
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге тойдық . (алақанмен іштерін сипалап тойғанын көрсетеді ).
Стол үстіндегі көкөністен жасалған салатты саусақтарымен әдемілеу .
«Ғажайып қапшық , қайсысы көп» ойыны
Шарты: Әр балаға берілген қапшықтағы пішіндерді ұстап , сипап сезу арқылы қандай пішін екенін айтады .Сосын осы пішіндерді таяқшаға орналастырады . Пішіндердің түсін , атын және көп екенін айтып көрсетеді .
«Бой сергіту» Балаларға арналған ән «Топ топ балақан»
Оқу іс-әрекетін қорытындылау .
«Гүлдерді макарон моншақтарымен әшекейлеу» ойыны
Шарты : балалар «Біреу және көп» ұғымын ажырата білуге үйрету . Гүл күлтелерінің түсіне байланысты қайсысы көп , қайсысы біреуі екенін ажырату . Сол күлте түсіне байланысты макарон моншақтарын толтыру .
Балалардың саусақ моторикасын дамытуға арналған құм салынған ыдысқа пішіндердің суретін салып беруін сұрау . «Көп және біреу» екендігін анықтау .
Балаларды мақтау , мадақтау . Рақмет айту .

