Алаш және Ахмет Бвйтұрсынұлы

Қазіргі әлем өз саласында құзыретті болашақ маманның дамуын ұсынатын, икемді оқыту жүйесімен байланысты заманауи жаңғыртудың күрделі жағдайында жоғары білім дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Практика Тәжірибе болашақ маманды кәсіби даярлаудың және кадр резервін қалыптастырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта, қарашаңырақ – ҚазҰУ-нің, филология факультетін бітіруші түлектері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жанындағы “Тіл – Құрал” ОӘҒЗО-ында өндірістік тәжірбиеден өтіп жатыр. Орталық басшысы Имаханбет Райхан Сахыбекқызының бағдары арқылы, студенттер саналарына Ахмет Байтұрсынұлы жайлы тың деректер мен рухани құндылықтарды сіңіруде.

Алаш зиялысының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге  арналған қасиетті ордада тәжірбиеден өту – студенттер үшін аса мәртебе, рихани азық.

Осыдан тура бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ керегінің көбі әркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға барып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек», – депті «Қазақ» газетінде. Қазір, сол ұлт зиялысы аңсаған өзге елмен терезесі тең елміз. Саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсаты, ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Ахаң тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екенін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болуын дәріптеді. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялымыздың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет.  Сондықтан да, Ахмет Байтұрсыновтың ұрпаққа берген құндылығы мен тілдік мұрасын – бағзы бабаларымыздан бастап, Тәуелсіздік кезіне дейін жеткен аманат деп қабылдауымыз керек.

Ғалбиат Тұнық

ҚазҰУ, Филология факультеті,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандығы, 4 курс.

Жетекшісі – Имаханбет Райхан

Ф.ғ.к. аға оқытушы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *