Қысқы киімдер

«ТАЛАНТТЫЛАР» ОРТАҢҒЫ ТОБЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ.
Білім беру саласы: Әлеуметтік,таным,шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет,сурет,қарапайым математика
Тақырыбы: «Қысқы киімдер»
Мақсаты: Киімдер туралы түсініктерін кеңейту,олардың атын атап,қандай материалдан жасалғанын және не үшін керек екенін айтып тани білуге үйрету. Киімдердің түстері,пішіндері туралы түсініктерін қалыптастыру.Қарым-қатынас дағдысын жетілдіру,киімді таза,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Дүкен» макеті,қысқы киімдер суреттері,тақтайшалар.
Әдіс-тәсілі: «Ойын» технологиясы
Барысы:

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.Қане, қонақтармен сәлемдесейік!

Қане, енді өз дене мүшелерімізді оятайық!
Қайырлы таң көздерім!
Қайрлы таң құлақтарым!
Қайырлы таң аяқтарым!
Қайырлы таң аяқтарым!
Сендер ояндыңдар ма?
Иә,біз ояндық!
Көздерім көріп тұр!
Құлақтарым естіп тұр!Қолдарым қол соғып тұр!Аяқтарым топылдатты! Біз ояндық!
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ауа-райы қандай?
Қыстың күні далада ойнағанды жақсы көресіңдер ме?Далада қандай ойындар ойнауға болады? Немен ойнайсыңдар?
Қыста қалай киініп жүруіміз керек?

Тосын сый: Ішке «Дүкенші» келеді.
(Ол осы қалада жаңа дүкен ашылғанын хабарлайды.Өзі сол дүкенде сатушы болып жұмыс жасайтынын айтады)
Ой балалар қандай керемет!
Олай болса біз сол дүкенге бүгін саяхатқа барайық!Балалар дүкенді ашу үшін сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Шашына бантик байлаған балалар орындарына отырсын.
Үстіне шалбар киген балалар орындарына отырсын.
Жарайсыңдар,сендер мені есту үшін сендерге не көмектесті?
(дүкеннің макеті көрсетіледі)
Балалар бұл қандай дүкен екенін білу үшін мына суреттердің бөлігін табайық!
Бұлар ненің суреттері?
Қандай киімдер екен?
Балалар бұл суреттерді көру үшін сендерге не көмектесті?
Олай болса біз балалар бүгін «Қысқы киімдер» туралы әңгімелейміз.
Балалар Мынау тон – бүны қойдың терісінен жасалған жылы киім
Қалпақ – жүннен тоқылған бас киім.
Пима –киізден басылған қысқы аяқ киім.
Қолғап – жүннен тоқылған қолға киетін киім.
(және де киімнің бөліктері балалардан сұралады)
Дүкенші бізге дүкенге кіріп аралауға рұқсат па?
(дүкенші тапсырма орындағанда барып кіретіндігі туралы айтады)
«Ажырат» ойыны
Балалар сендер қысқы киімдер мен жазғы киімдерді ажырата аласыңдар ма?
Олай болса сендерге мына тақтайшаны беремін.Бұл тақтайшаның жарты бөлігі жазғы,ашық түспен бөлінге,ал екінші бөлігі көк қыс бейнеленген.
Қазыр сендерге киімдердің суреттерін беремін,сендер жазғы және қысқы киімдерді ажыратып орналастырыңдар.
Енді екінші ойын «Жамау жамайық!».
Балалр киімді кигенде қалай кию керек? Ұқыпты,таза кию керек. Ал мына балалар оқыпсыз киген соң киімдерін жыртып алыпты.Олардың киімдерін жамауға көмектесейік!
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,қолғапты біз киеміз! Сарт-сарт-сарт,шапалақты соғамыз! Тоңса біздің аяғымыз,етікті біз киеміз! Топ-топ-топ,топылдатып билейміз!
Балалар киімдерді тігентін маманды кім деп атайды?
Ал қолғап.тоқыма,шұлық тоқитын мамандарды кім деп атайды?
Балалар бізде киімдерді жасап көрейік!
Бейнелеу өнері:берілген суреттерді бастырып,жапсыру жұмысы тапсырылады.
Балалар мендер тапсырманы орындау үшін сендерге не көмектесті?
Сәлеметсіздер ме?

Іс-қимылмен дене мүшелерін оятады.

Сұрақтарға жауап беріп,қыс мезгілі туралы әңгімелейді

Тосын сыйға назар аударады

Ойын арқылы орындарына отырады

Құлақтарым

Суреттердің бөлігін тауып,орналастырады

Көздерім

«Қысқы киімдермен» танысады

Тақтайшаға бұранда арқылы, жазғы және қысқы киімдерді ажырату

Берілген суреттердегі бос орынды пішіндер арқылы,бүтіндейді

Сергіту сәтін іс-қимылмен орындайды

Тігінші

Тоқымашы

Суретке желім жағып,оның үстіне жіп қиындыларын жапсырып,жұмыс жасайды
Қорытындылау Балалар бүгін не туралы әңгімеледік?
«Менің киімдерім» атты санамақ арқылы іс-әрекетті қорытындылау.
«1» дегенім бөрік,кисең бойға көрік,
«2» дегенім етік,киер сәнді етіп
«3» дегенім ішік, теріден тігер пішіп,
«4» дегенім тымақ, қыста кисең жылы-ақ,
«5» дегенім – байпақ,іші жылы тайпақ.
Дүкенге кіруге рұқсат сұраймын.
Келген қонақтармен қоштасайық!
Сұрақтарға жауап береді.

Іс-қимылмен «Санамақ»-ты қайталайды

Күтілетін нәтиже:
Біледі: киімді сипаттай алуды;
Игереді: қыстық және жаздық киімдерді ажыратуды;
Меңгереді: суреттерг арқылы сөйлем құрап,әңгімелеуді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *