Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жоспарлауда саралау тәсілдерін қолдану ерекшеліктері
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
«Жаратылыстану және гуманитарлық
пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының
аға оқытушысы Д.А.Картбаева
Саралап оқыту — орта мектепте оқыту тәсілі. Орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламасын оқушылардың бейімі мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді көздейді. Мұндай оқыту арнаулы мектепте, сыныпта, сынып ішіндегі топта жүзеге асырылады. Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты өз деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін қолданылады.