Пайыз
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді тараудың тарауы: 5.4А Пайыз | Мектеп: №34 «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Битапалова Гульдаш Серикбаевна
|
||
Күні:
Сынып: 5 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы: | Пайыз | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды қолдана отырып, мәтін есептерді шығара алады. Кейбір оқушылар: пайызға қатысты өмірмен байланыстырып берілген күрделі есептерді шығарып, талдай алады. |
||
Бағалау критерийі | · Бөлшектерді пайызға айналдырады
· Пайызды бөлшек түрінде жазады
|
||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ережесін айта алады.
Пәнге қатысты сөдік қор мен терминдер: пайыз, жүзден бір бөлік Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын терминдер: Пайызды бөлшек түрінде жазу үшін… Бөлшектерді пайызға айналдыру үшін…
|
||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы негізінде оқушыларды патриотизмге, ынтымақтастыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, жаратылыстану | ||
Алдыңғы білім | Пайыз ұғымы, санның бөлігі | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы топқа бөлу. «Ыммен сөйлесеміз».
Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене тұрып, ұсынылған жануарлардың атауы жазылған қағаз қиындыларын таңдайды. Атауын атамай ыммен, мимикамен бірдей жануарлар бір-бірін іздеп табады да, топ құрайды. Үй тапсырмасын тексеру: «Элективті тест» тәсілі. А,В,С,Д арқылы белгілеген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл стикерлер таратылады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 секунд кідіріс жасап тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Бағалау: Өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды. |
Жануарлардың атауы жазылған қағаз қиындылары.
Түрлі-түсті стикерлер. |
|
Сабақтың ортасы | «Пікір алмасу» тәсілі. Әрбір топқа әр түрлі деңгей қамтылған 5 тапсырмадан тұратын карточка беріледі. Топ мүшелері тапсырмаларды өз бетімен жеке орындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Тапсырма: №1. 1) Процентті ондық бөлшекпен жаз: 2) Бөлшекті процентпен жаз: №2. Ыдыстың сіне су құйылған -Ыдыстың неше пайызына су құйылған? -Ыдыстың неше пайызы бос? №3. 1. Теңіз суының 5%-і тұз. Теңіз суының неше бөлігі тұз? 2. Жер бетінің шамамен 71%-ін мұхиттар алып жатыр. Мұхиттар жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр? №4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы мәліметтері бойынша еліміздің ұлттық құрамы: қазақтар-65.52%, орыстар-21,47%, өзбектер-3,04%, ұйғырлар-1,44% құрайды. Қазақстан Республикасының қанша бөлігі-қазақтар, орыстар, өзбектер? Ал қанша бөлігі өзге ұлт өкілдері? №5. Сүттің 8%-і қаймақ, қаймақтың 25%-і май. Сүттің неше бөлігі май? Қосымша тапсырма: Дөңгелектің барлық ауданы боялған ба? 1) дөңгелек ауданының 60%-і жасыл түспен, 30%-і сары түспен боялған; 2) дөңгелек ауданының 60%-і көк түспен боялып, қалғанының 30%-і қызыл түспен боялған. Қай жағдайда дөңгелектің көп ауданы боялып, қай жағдайда одан аз ауданы боялған? Бағалау: Фигуралар арқылы
Сергіту сәті: «Ақ бұлақ» оқушылар бір-біріне кедергі жасамайтындай тұрып, видиодағы әнші биші қыздармен билеп, ән салып сергіп алады. |
Карточкалар
фигуралар
|
|
Сабақтың соңы | «Серіктесті оқыту» әдісі. Барлық оқушыларға ортақ 3 тапсырма тақтаға жазылады. Барлық оқушы бір мезетте тапсырманы орындайды. Уақыт біткен соң, оқушылар дәптерлерімен алмасады. Тапсырманың жауаптары тақтаға жазылады, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді. Үш есеп бірдей дұрыс болған оқушылар өзінің серіктестеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тапсырма: 1) Процентті ондық бөлшекпен жаз: 2) Бөлшекті процентпен жаз: 3) Жаттығуда 80 сөз бар. Жаттығудағы барлық сөздердің і-зат есімдер, -етістіктер. Қалғаны әр түрлі сө таптары. Жаттығудағы сөздердің неше пайызы зат есім? Неше пайызы етістік? Әр түрлі сөз таптары неше пайызды құрайды? Рефлексия: «Табыс ағашы» Жасыл алма-ұнады, меңгердім. Сары алма-түсіндім, бірақ есептегенде қиналдым Қызыл алма-түсініксіз
|
-жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер. |
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз
оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын
сақтау |
Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға тұлғаға бағдарланған қолдау көрсетемін. Тақырыптың оқу бағдарламасындағы ауыр жеңілдігі ескерілді.
Сынып деңгейі бағамдалды. «Пікір алмасу» әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін. Орындау қарқындарын ескеріп қажеттіліктеріне қарай қосымша тапсырмаларды қамтитын карточкаларды ұсынамын. Үй тапсырмасын деңгейлеріне қарай дереккөздері бойынша саралап беремін. Сабақтың әр кезеңінде уақытты жоспар бойынша тиімді пайдаланамын. |
Сабақтың өн бойында кері байланысты қамтамасыз ететін қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын. Өзін-өзі бағалау,фигуралар арқылы бағалау , табыс ағашы арқылы бағалау жүргізіледі. | Топқа бөлінгенде топ ережелерін сақтау ескертіледі. «Ақ бұлақ» сергіту сәтін ұйымдастырамын. |
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ барысында әлі де саралау және критерийалды бағалаудың әдіс тәсілдеріне назар аудару қажет. |
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу
мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатына сәйкес алынған оқу мақсаты қолжетімді болады деп ойлаймын. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып, жоспарланған сабағымның нәтижесін жақсы жағынан көре аламын деп отырмын. Оқушылардың пәнге қызығушылығын артып, оқуға деген ынтасы, ойлау қабілеттері де дамиды.Сабақта саралау дұрыс жүргізілу үшін тапсырмалар алынды.Осы тапсырмалар негізінде айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Сабақ жоспарынан ауытқулар болуы мүмкін, себебі тақырыпты меңгеру кезінде түсінбей, жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілген кезде.
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Проблемалық тапсырма арқылы қызығушылықтарын ояту; 2. Деңгейлік тапсырмаларды орындату; Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Әлі де саралау тәсілдерін құрылымдай түсу; 2. Критерийалды бағалауды тиімдірек жоспарлау.
|