“Компьютер әлемі”
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ақпараттандыру
Тақырыбы: «Компьютер әлемі»
Мақсаты: Балалардың компьютер туралы түсініктерін кеңейту. Комьютердің құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Қызықты тапсырмаларды орындай отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын толық жеткізіп, тапқырлығын арттыру. Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін , «Paint» графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу туралы білімдерін дамытып, жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін пайдалана отырып, бала денсаулығын жақсарту.
Көрнекі құралдар: Проектор, компьютер құрылғыларының суреттері, қауіпсіздік ережесінің суреттері,массажды доптар
Әдіс – тәсілдер: Тақпақтар, ойын, сұрақтар
Мұғалім:Салеметсіздерма балалар.
Балалар: Салеметсізбе
Мұғалім:Қане, балалар көңіл-күйіміз көтеріңкі болуы үшін шаттық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
Мұғалім:
– Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды компьютер арқылы орындаймыз. Бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болғалы тұр. Ал енді балалар менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма?
Балалар:
– Ия дайынбыз.
Мұғалім:
– Балалар кім айтады комьютермен не істеуге болады.
Балалар:
– Компьютермен сурет салуға, жазуға, мультик көруге музыка тыңдауға болады.
Мұғалім:
– Осы компьютер, жалпы есептеу құрылғысы пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеуді жүргізген. Бұл үшін адамдар нелерді пайдаланған.
Балалар:
– Қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды,жіптерге түйілген түйіншіктермен есептеді.
Мұғалім:
– Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар. Енді алдымызда тұрған жіптерді алып, түйілген түйіншіктер жасаймыз.
/Балалар орындарында отырып тапсырма орындайды./
Мұғалім:
– Жарайсыңдар балалар.
Ойын:«Дәмін сезу арқылы ажырат»
Шарты:Балалардың көздерін жұмып, көкөністер мен жемістерді таратып, сипап сезу арқылы кімде қандай көкөніс немесе жемістің бар екенін айтып, компьютерге отырып көкөністерді бір себетке, жемістерді бір себетке орналастырамыз.
/Балалар көздерін жұмып жарты шеңберге тұрады. Ағаштарға түйрелген көкөністер және жемістерден дәм татады./
Мұғалім:
– Келесі тапсырмамызды компьютерде орындайтын болғандықтан, комьютердің қауіпсіздік ережелерін айтып кетейікші.
Балалар:
– Компьютерде денемізді тік ұстап отыруымыз керек
– Монитордан қашық отыруымыз керек
– Монитордың бетін ұстауға болмайды
– Токтарды ұстауға болмайды.
Мұғалім:
– Жарайсыңдар өте жақсы. Компьютерге отырамыз. Халаттарымызды киеміз. Компьютерді іске қосамыз. «Paint» графикалық редакторын ашамыз. Бәрімізде компьютеріміз жұмыс жасауға дайын болса, мені мұқият тыңдаймыз.
Компьютермен жұмыс:
1-тапсырма. «Биік және аласа үйлерді салу».
Мұғалім:
– Үйдің шатыры, қабырғасы, терезесі, есігі болу керек және олар қалаған түске боялуы керек.
Тапсырманы қорытындылау
2-тапсырма. Танграм
Мұғалім:
– Алдарыңда терезе ашық тұр. Сол терезеде танграм суреті бар. Осы үлгіге қарап, шашылып жатқан геометриялық пішіндерді құрастырамы
Тапсырманы қорытындылау
Мұғалім:
– Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Комьютерде отырып шаршап қалған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрайық көз, саусақ жаттығуларын орындайық.
Көз жаттығуы: Проектордан
Қозғалыста жүрген геометриялық пішіндерге қарау арқылы көз жаттығуын орындау.
Саусақ жаттығуы:
Массажды доппен жасалады.
Мұғалім:
– Өте жақсы. Көзімізге саусақтарымзға жаттығу жасап болсақ, орнымызға жайғасайық. Келесі тапсырмамызда пішіндерге байланысты болғалы тұр.
3- тапсырма:
Ойын: «Суреттерді боя»
Шарты:Геометриялық пішіндерден үй тұрғызылған. Осы үйлерді үлгіге қарап боямыз.
Мұғалім:
– Өте жақсы жарайсыңдар балалар. Келесі тапсырмамыз сандарға байланысты болғалы отыр.
4-тапсырма:
Ойын: «Тура жәнекеріжаз»
Шарты:Қылқаламмен сандардытура және кері жазыпшығу
Мұғалім:
– Өте жақсы жарайсыңдар. Тапсырмалардың барлығын мен ойлағандай орындап шықтыңдар. Енді компьютерді сөндіріп, халатымызды шешіп, орнымыздан тұрамыз.
Балалар:
Саусақ жаттығуы.
Құстар, құстар ұшады,
Қанаттарын қағады.
Ағаштарға қонақтап,
Тыныштықты бағады.
Көз жаттығуы. Проектордан
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.
Мұғалім:
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде қандай тапсырмалар орындадық.
Балалар:
-Үйдің суретін салдық, боядық. Танграм құрастырдық.
Мұғалім:
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерде не ұнады.
Балалардың жауабы.
Мұғалім:
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет. Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.