Көліктер және оның түрлері

Тексерілді:____________________
«О.Жандосов орта мектебі»КММ
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Кумганбаева Р.М
Пәні :Сөйлеуді дамыту Сабақтың тақырыбы: Көліктер және оның түрлері.

ҰОҚ оқытылу мақсаты
Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (әуеде, жерде, суда) топтастыруға үйрету..Көліктердің пайдасы және зиянды жақтары туралы білімдерін жетілдіру.Шығармашылыққа баулу. Адамгершілікке,тазалыққа тәрбиелеу

Тілдік мақсат
Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Көліктер, жердегі көліктер, әуедегі көліктер
Пән аралық байланыс:Сауат ашу,жаратылыстану,қоршаған ортамен танысу

Өткен ҰОҚ алған білім
Балалар бағдаршамның қызметін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

ІІ. Мақсатты болжам.

ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

(Ұ) Шаттық шеңбері. Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған жер ана! Сәлем саған достарым! -Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
II.Өткен сабаққа шолу. «Ой шақыру»стратегиясы
Көшедегі қимыл-қозғалысты апаттық жағдайдан реттеп тұратын құрал? (Бағдаршам)
Қызыл көзі нені білдіреді?
Сары көзі нені білдіреді?
Жасыл көзі нені білдіреді?
III.Жаңа сабақ Бейне таспадан «Көліктер »атты фильмді тамашалап , жаңа тақырыпты ашу.
Бұларды не дейді? (Көліктер) Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport Қандай көліктерді көрдіңдер ата?
Тәрбиеші:Бүгінгі сабақта көліктер және оның түрлерімен танысып,осы көліктердің пайдасы және зиянды жақтары туралы білетін боласыңдар.
-Көлік сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?(К) -К дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс )
-Көлік сөзін буынға бөл? (2)
Жұмбақ шешу:
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)

Жерде жүрер жөні жоқ,
Судан басқа жолы жоқ. (Қайық)

Төбесінде ебелек,
Ұшады ол керемет(Тікұшақ)
Автобус қайда жүреді? (Жерде) Жерде жүретін көлік түрлерін атаңдар?
Қайық қайда жүреді? (Суда) Суда жүретін көлік түрлерін атаңдар?
Тікұшақ қайда жүреді? (әуеде) Әуеде жүретін көлік түрлерін атаңдар?
IV.Тақтамен жұмыс .Топтастыру стратегиясы (жұптық жұмыс )
а)Қоғамдық көліктерді атаңдар?
ә)Арнайы көліктерді атаңдар?
Б) Көліктердің пайдалы жақтарын атаңдар?
в) Көліктердің зиянды жақтарын атаңдар?
г) Көлік ішінде қандай мінез – құлық ережелерді сақтауымыз керек?
д)Көліктерді жүргізетін маман иелерін атап жіберейік
V.Сергіту жаттығуы «Бала-балапан»
VI.Әліппе –дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Сурет бойынша көлік түрлерін атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді?
2-тапсырма Көліктің жетпей тұрған бөлігін бояу 39-бет

VII.
Д/ойын: «Сөйлемді толықтыр» Тәрбиеші сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады.
Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл … (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине.
Егер сумен жүрсе бұл … (су) көлігі. Олар: кеме, қайық, катер.
Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі. Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Тәрбиеші балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелетеді.
– Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай кір.
– Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес.
– Көліктің ішін ластама, орындықты сызба.
– Жолақысын уақытымен төле.
Үлкен кісілерге орын бер.

Балаларды мақтап, марапаттау
Балалар өз жұмысын бағалап қорыту
Ештеңе түсінбедім – қызыл машина
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары машина
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл машина
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар көлік түрлері туралы толық білді
Білуі керек: Көліктерді атқаратын қызметіне қарай әуеда, суда, жерде жүретін түрлеріне қарай жіктеуді меңгерді
Түсінеді: Көлік түрлерін салыстырып, ортақ белгілері туралы айта алады

Шаттық шеңберінде тұрып орындайды

Бағдаршам

Бейне фильмді көреді

«Көліктер »

Екі қатардан кезек сұралады

Көліктерге байланысты жұмбақтар

Топтық жұмыс

Сергіту сәті

Әліппе-дәптер
жұмыс

Әліппе-дәптер

Дидактикалық ойын

Қоғамдық көлікте әр адам есте сақтау ережелері

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *