Теңдік және теңсіздік. Математика 1сынып
Пәні: Математика
Күні: 28.02.2020ж Сыныбы: 1 |
Мектеп: «Жаңаталап бастауыш мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Сымбат Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы | 3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Теңдеуді шешу |
||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) | 1.2.2.2 таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;
1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады. |
||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті: кез келген теңдеуді шешуге қажетті тәсілді таңдай білу
Көбі: теңдеуді шешудің берілген тәсілін қолдану, теңдеулердің барлық түрін шеше білу біліктілігін көрсету. Кейбірі: өз ойын айтады, дәлелдейді. |
||||
Тілдік мақсаттар | Теңдеуді шешу | ||||
Ресурстар | Теңдеу сызбасы, ламинатталған карточка | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | |||
Сабақтың басы | – Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
Шаттық шеңбері | |||
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы Бағалау |
Әріптердің мәнін тап. Жұмысты жұппен ұйымдастыру. Оқушылар тапсырманы бөліп орындап, содан кейін барлығы бірге тексеру жүргізуіне болады. Оқушылар санның құрамы бойынша әрбір теңдеудегі белгісізді анықтайды.
Жауабы:
x = 11; y = 6; y = 11; x = 100; x = 10; x = 80; y = 40; y = 70. Шығарыпкөр. Жұмысты жұппен ұйымдастыру. Теңдеуді шешуді ламинатталған қағазд орындату. Тапсырманы орындау барысында оқушылар белгісіз қосылғыш, азайтқыш немесе азайғыш рөліне байланысты теңдеуді шешу. Теңдеуде оннан үлкен сандарға амалдар қолданылғандықтан, сандық сәулені пайдалану қажет. Орындап болған соң жұптар парақтарды өзара ауыстырып, тексереді. Жауабы:
х = 11; у = 10;
а = 20;b = 16. «Сиқырлы сандықша» Бұл сандықшаларда нелер жазылған? (оқушы жауабын тыңдау) Теңдеу дегеніміз не? -Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? -Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді қалай шешеміз? -Белгісіз азайғышты табу үшін не істеу керек? Олай болса балалар біз не үйреніп жатырмыз? Енді сандықшаларымызды ашып, ішінде қандай заттар бар екен көрейікші. Бұл заттар не үшін қажет? (оқушы жауабын тыңдау)
Сергіту сәті.
Өздік жұмыс. Жұмыс дәптері 53-бет (жұптық жұмыс) *Балықтағы теңдеуді балықшылардың шелектерінде жазылған жауабымен сызық арқылы қосады. *Сәйкес келетін балық пен шелекті бірдей түспен бояйды “Жетістік баспалдағы” бойынша жұпта бірін-бірі бағалайды
Тақтамен жұмыс. Тордағы теңдеулерді шешу.
Оқушылар сабақ соңында: әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсас тығы мен айырмашылығын біледі; қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі; теңдеудің шешімін тексеруді үйренеді. Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақ қою — Қандай тепе-теңдік теңдеу деп аталады? — Теңдеудегі белгісіздің мәні қалай аталады? — Белгісіз азайғышы бар кез келген теңдеу құр. — Белгісіз азайғыш болып не табылады? (Бүтін.) — Белгісіз азайтқышы бар кез келген теңдеу құр. — Белгісіз азайтқыш болып не табылады? (Бөлік.) — Белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құр. — Белгісіз қосылғыш болып не табылады? (Бөлік.) Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өзін бағалату. |
Пазлдар
Сандықшалар әр топқа
Ламинатталған А4
Оқулық, суреттер
|
|||
Қосымша ақпарат | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың білімін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс | |||
Математикалық тілде сауатты сөйлеуді дамыту терминдердің мағынасын түсініп, арифметикалық амалдарды меңгерту. Сабақта осындай мақсатқа жету үшін оқушының өз пікірін, шешімді түсіндіруіне, берілген теңдеуге «хикая» ойластыруына және шешімінің дұрыстығын тексеріп үйренуіне көмектесу. | Оқушылар сабақ соңында:
әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсастығы мен айырмашылығын біледі; қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі; теңдеудің шешімін тексеруді үйренеді. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша жұпта бірін-бірі бағалайды |
Музыка | |||
Бағалау
Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қалай болды? Оқушылар арасында дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым неліктен? |
Сабақтың мақсатына жеттім. Ынтымақтастық атмосферасы сәтті болды. Оқушылар арасында дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды. Жоспарланған уақытты ұстандым. Жоспардан шегіністер болған жоқ. |