Жұлдызды аспанның құпиясы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Аспан әлемінің құпиялары 7-сабақ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Жұлдызды аспанның құпиясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
Сабақтың мақсаты Барлығы: Ұсынылған ақпаратты анықтау, мәтін мазмұнына тірек сөздер арқылы болжам жасау, сабақ тақырыбын айқындау.
Көпшілігі: Мәтінді мұқият тыңдап, мәтін бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Кейбірі: Тірек сөздер арқылы иллюстрацияларды ауызша сипаттау.
Бағалау критерийі Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
Тірек сөздер арқылы мәтін тақырыбына болжам жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану
(Жоғары деңгейде)
Тілдік мақсаттар
Қараңғы, жап-жарық, шашып тастаған,жағып қойған, біресе,ожау, Жеті Қарақшы, дүрбі, таңғалу, күтіп қалды
Құндылықтарға баулу Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, бейнематериал
Тақырып бойынша алдыңғы білім Шоқжұлдыздар
Жұлдыздар туралы мәлімет алды
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
(6 минут) 1.Ұйыдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу
«Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жүректі бір-біріне беріп, жылы лебіздерін білдіреді.
1. Үй жұмысын тексеру
«Сөзді тап» әдісі арқылы өтілген материалды қайталау
Жүректің суреті
Қобдиша, қиынды қағаздар
Сабақтын ортасы
(2 минут)
(5 минут)
(10 минут)
(2 минут)
(5 минут)
(1 минут)
(5 минут)
(1 минут)
Тақырыпқа сай жұмбақ шешкізу.
Мекенi көкте екi ару,
Бiр-бiрiн көруге зәру.
(Күн мен Ай)
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. «Сөздік бинго» әдісі арқылы.
Қараңғы- сумрак, темно
Жап-жарық- яркие
Шашып тастаған-рассыпать, разбросать
Жағып қойған- зажечь
Ожау- ковш, поварешка
Жеті Қарақшы- большая медведица
Дүрбі- бинокль, подзорная труба
Таң қалу- удивляться, изумляться
Күтіп қалды- заждался
Ауызша кері байланыс:
Жақсы! Жарайсыңдар!
Қораптан күн, жұлдыз, айдың суреттерін алғыза отырып топқа бөлу.
(Т.Ж.) 1-тапсырма.
Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, ондағы тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздердің көмегімен төменде берілген жұлдыздың ортасына мәтінге ат қойыңыз.
— Ой, дала қараңғы болыпты. Қонақта көп отырдық, — деп, анасы әжесімен қоштасты.
— Жиі келіңдер. Мен сендерді күтемін, — деді әжесі. Әже немересінің бетінен сүйді.
Аспанда жұлдыздар жап-жарық. Аспанға жұлдыздарды шашып тастаған секілді. Аспанға
кішкентай шамдарды жағып қойғандай.
Алисаның қолында сүйікті ойыншығы Антошка клоуны бар. Алиса қараңғы аспаннан түрлі
фигураларды көрді. Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды, біресе ақ нүктеге ұқсайды. Ал мынау не?
— Мама, қарашы, аспанда үлкен ожау тұр, — деді Алиса. Ол қолымен аспанды көрсетті.
— Бұл Жеті Қарақшы шоқжұлдызы! Ол түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі.
Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кішкентай нүктелердің құпиясы көп.
— Бірақ жұлдыздар өте кішкентай ғой. Оларды қалай көреді?
— Әкеңе айт, ол сені обсерваториға апарады. Обсерваторияда үлкен дүрбі бар. Ол телескоп деп аталады. Телескоппен жұлдызды көруге болады. Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді.
Жұлдыздар бізден алыста. Сондытан олар кішкентай болып көрінеді. Алиса таң қалды.
— Қолыңды бер, тез жүр. Әкең күтіп қалды. Аяғыңа қара, құлап қалма. Айнала қап-қараңғы.
Ештеңе көрінбейді. Алиса айналасына қарады. Анасына қолын беріп, тез жүрді. Жолда анасы
жұлдыздар туралы айтты.
Владимир Кожушнер. Тайны звездного неба
Дескриптор Білім алушы
– мәтінді тыңдау барысында 5 тірек
сөзді анықтайды;
– тірек сөздерді жұлдыздың бес
бұрышына жазады;
– тірек сөздердің көмегімен мәтін
тақырыбын болжайды;
– мәтінге сөз тіркесімен атау беріп, оны
жұлдыздың ортасына жазады.
Кері байланыс:
1. Тапсырма қызық болды ма?
2. Тапсырма орындау оңай болды м
Сергіту сәті «Қызылөрік»
2-тапсырма. Мәтін бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беріңіз. «Кофе араластырғыш таяқшалары» әдісі.
1.Алиса мен анасы қайда болды?
2. Алиса мен анасы кімнің үйінде қонақта болды?
3.Түнгі аспан қандай?
4.Алиса қараңғы түнде не көрді?
5.Аспаннан көрген фигураларды Алиса неге ұқсатты?
6.Анасы Алисаға не айтты?
7. Алиса неге таң қалды?
8.Жұлдыздарды қалай көруге болады?
9.Сен Жеті Қарақшы шоқжұлдызың көрдің бе?
10.Ол шынымен ожауға ұқсай ма?
Қ.Б. «Индекс карточка» арқылы.
3-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, суретті сипаттап айтыңыз.
Қажетті сөздер: қараңғы, шашып тастаған, жағып қойған,ожау, Жеті Қарақшы
(ҚБ). Оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі тыңдайды,бағалайды, пікір білдіреді.
Интерактивті тақта
Үлестірмелі карточкалар
Қорапша, жұлдыз бен ай суреттері
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма-лар жинағы
Оқулық
5 сынып
2 бөлім
бейнемате-риалы
Сурет оқулық
5 сынып
2 бөлім
Сабақтың соңы
(3 минут) Рефлексия
Толғанай – түсіндім
Жарты ай- сұрақтарым бар
Туған ай – түсінбедім
Үй
тапсырмасы Жаңа сөздерді жаттау,
61 б. 7 –т. Қажетті сөздерді жаз.