«Ойна да ойлан» «4-ке дейін тура және кері санау»

Сабақтың тақырыбы: «4- ке дейінгі сандарды тура және кері санау»

 

Сабақтың мақсаты:   Балаларды тура және кері санауға үйрету, санамақ санауға  үйрету.

 

Көрнекілігі:                  1-ден 4 дейінгі сандар,

         1,2,3,4, көбелек, 1,2,3,4 гүл

 

Әдіс-тәсілдері:             Көрсету, санау, үйрету.

 

Сабақтың барысы:

– Балалар бүгін аптаның нешінші, қай күні?

– Екінші.

– Қазақша екінші күнді «Сейсенбі» деп атаймыз. Солай ма, балалар!

– Иә.

– Бүгінгі матаматика сабағында 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды одан әрі, тереңдете үйренеміз. Кәне барлығымыз 1,2,3,4 деп тура және кері санаймыз.  Тақтаға қараңдаршы.

 1,2,3,4  және  4,3,2,1

 

– Кәне, кім тура санай алады?

 

Рамазан:   1,2,3,4 

 

– Кәне, кім кері  санай алады?

 

Назгүл:      4,3,2,1.

 

Өте жақсы.

 

Барлығымыз санамақ айтайық.

                   Бір дегенім- білеу,

                   Екі дегенім-егеу,

                   Үш дегенім-үскі,

                   Төрт дегенім төсек.

 

Тура және кері санауды бірнеше ретқайталау.    

 

  • Жеке-жеке сұрау

 

Сергіту сәті:   4 көбелек, 4 гүл, санату.

 

 Қанат жаям жалма-жан

Талпынғандай ұшуға

Иіліп келіп, қол созам,

Аяғымның ұшына.

 

 

 

 

 

 

 

– Өте жақсы.  «Көршілес санды тап» деген ойынды ойнаймыз.

          Тақтаға қараңдаршы.

1   3  

 

  2   4

 

  • Жеке-жеке жұмыс жасау.
  • Қорытындылау.
  • Мадақтау. Рамазан, Ақжарқын, Назгүл, т.б
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *