Біздің мектеп
Күні:
Білім беру саласы : «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Біздің мектеп» .
Мақсаты: 0.1.2.2. Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату. 0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату. 0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. 0.2.2.2. Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Ынталандыру Музыкалық сәлемдесу.«Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!» (әндете амандасу). Өткен сабақта ұстаз – мұғалім туралы ән айттық. Бүгін сол мамандық иелерінің жұмыс орны – мектеп туралы білетін боламыз. Үш тілде қайталап үйрету: мектеп – школа – school.
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Мектеп ережелері, қызметі туралы түсінік беру Мектеп туралы суреттер
Ұйымдастыру-шылық ізденіс Дауыс жаттығуы. «Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту. Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. Күшті бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, әлсіз бөлігінде ақырын орындау.
Ән айту: «Мектебім»
Мектеп саған ұнай ма?
Саған қандай сабақ қызықты?
Әннің мазмұны туралы не айта аласың?
Қарқыны тез бе әлде жай орындала ма?
Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету. Әннің кіріспе бөлімі мен қайырмасын ажыра білуге баулу. Айырмашылықтарын түсіндіру, талқылау. Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету. Қол шапалақтау арқылы әннің ырғағын қабылдауға дағдыландыру.
Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Мектепке не үшін барасың?
Мектепте не үйренесің?
Суретке қарап, өз мектебің туралы әңгімеле. Әннің ырғағын ажырат. Әуеннің қозғалысын берілген үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес түспен қос.
Мектепке қандай құрал-жабдықтар қажет? Атап айт. Өзің қолданатын құрал-жабдықтардың суретін салып, таңдаған түстеріңмен боя.
2-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнді мұқият тыңда. Не туралы айтылады? Көңіл күйі қандай? Әннің ырғағын ажырат. Әуеннің қозғалысын берілген үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес түспен қос. Суретке қарап, музыкалық аспаптарды ата. Ұрмалы аспаптарды қоршап сыз. Орман тұрғындарына мектепке бару үшін жол көрсетіп, көмектес. Аюдың жолын көк сызықпен, түлкінің жолын сары, қоянның жолын жасыл, үкінің жолын қызыл түспен сызықтарды қосу арқылы мектепке жеткіз. «Жаңғырық» дауыс жаттығуы
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
Қорытынды Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
Күтілетін нәтижелер:
Барлық балалар: Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата алады.
Көпшілік балалар: Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (кіріспе, қайырма) ажырата алады. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
Кейбір балалар: Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырата алады.