«Cұрақтар арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» коучинг

Рыскалыев Жанболат Ондасынович Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Коучинг жоспары 

Тақырыбы:                 «Cұрақтар арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» 

Мақсаты:                    Коучинг жүргізудің әдістемесін көрсету, мұғалімдерді жаңа тәсілмен таныстыру. Мұғалімдер арасында сенімділік қарым-қатынас орнату. Сыни тұрғыдан ойланудың маңыздылығын көрсету.

Күтілетін нәтиже:  сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру.

Түйінді идеялар:        Бірлескен озады, бірлеспеген тозады.Мектепте жеті модуль аясында жаңа тәсілдерді жүйелі және тиімді қолдану

Дереккөздері:             Ноутбук, маркер, стикер, А4 парағы,  смайликтер, бейнежазбалар

Сілтеме:                      МАН, Үлестірме

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

                                     «Ойлан, топтас», сөздер арқылы, «Ой қозғау». Топтық жұмыс

Іс -әрекет Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс – әрекеті
Топқа бөлу әдісі  5 мин «Ойлан, топтас» сөздер арқылы бөлу Тобын табу үшін сыни тұрғыдан ойланады, топқа бөлінеді
Ой қозғау
15 минут
«Бүркіттің өміріндегі өзгеріс”» бейнеролик (осы бейнероликті көріп болған соң табиғаттағы ең қырағы жыртқыш құс бүркіт те өмірінде өзгереді, ал мұғалімнің өзгеруі керек пе?)

Топтық тапсырма беру

– мұғалімнің өзгеруі керек пе?

– мұғалімдер неліктен өзгеру керек?

– жаңашыл мұғалім қандай болу керек?

-мұғалім не үшін өзгеруі қажет

Сұрақтарға өз ойларын пікірлерін, айтады. Мұғалімдер топтасып постер қорғау арқылы проблеманың мәнін ашады. Жаңа заманда мұғалімдер қандай болуы керек деп толғанып өз-өздеріне сын көзбен қарайды. Өзгерген әлемде мұғалім де талапқа сай өзгеру керек дегенді ұғынып тұжырымдайды.
«Сиқырлы сұрақ»

8 минут

Ал сіз көп жағдайда қандай сұрақтар қоясыз?Топқа ортақ тапсырма

1.      Жабық сұрақтар

2.      Ашық сұрақтар туралы түсіндіру

Мұғалімдер жабық, ашық сұрақтар қандай екенін ажыратып мысал келтіріп түсіндіреді
Рефлексия
5 минут
Кері байланыс “Алақан” әдісі бойынша қатысушыларға ақ параққа сол қолдарын сызып, әр саусаққа бүгінгі коучингтен алған ойларын жаздыру. Коучингте қамтылған ақпараттарды жинақтау, талдау жасау. Өз пікірлері мен ұсыныстарын жазады. Коучингтің қаншалықты тиімді өткені туралы ой-пікірлерін білдіреді

Жалпы қорытынды 2 минут

Коучтың сөзі:

– сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың ең жақсы тәсілі. Бірлесен оқу ортасында оқушылар мұғалімнің қолдауы арқылы белсенді сыни тұрғыдан ойлауға тартылады.  Коучингке қатысқандарыңызға рахмет!

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *