«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік»

Асанова Қамажай Ерболатқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған оқу қызметімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Әсем әнімізді қабыл алыңыздар

«ОТАН – АНА»
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар:Қасым Жомарт Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар:Нұрсұлтан.
Жүргізуші:Нұрсұлтан қандай қала?
Балалар:Нұрсұлтан-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Видеоролик
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Шадияр: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан  қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!

Анель: Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.
Бақытты  етіп  өсірген,
Отанымның  гүлімін.

Бекжан: Шырқап  көкке  аспан – ән,
Болашаққа  бас  қадам.
Қазақ  рухын  биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !

Нұрила:   Қадамың бар баспаған,
Асуың  бар  аспаған.
Халқым  жетсін  мұратқа,
Ей, бас  қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
Айша: Елтаңбасы  елімнің,
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада- аспан  әлемі.

Иса: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған  ол  төрден.
Қанатты  қос  арғымақ,
Екі  жақтан  көмкерген.

Құралай: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты  ұлансың,
Бәрі  саған  қуансын!

Инабат: Көк  аспандай  көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк  емес  ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Би: «Алға Қазақтан» флешмоб

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа – ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен біздің«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты оқу қызметіміз аяқталды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *