“Мен саған есірткі жайлы айтып беремін”

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» эссе

Есірткі – ол әлем дерті. Сонау көне заманнан бері қарай әлем дертіне айналғаны белгілі. Менің есірткі жайлы толық білмейтінім анық. Ол туралы барлық ақпарат құралдарынан, газет-журналдардан есітіп, көріп жатамыз. Мен есірткі туралы жазбас бұрын, ол туралы көп мағұлматтарды қарап білдім. «Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жеткізеді. Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды, алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Есірткіге көбінесе 16-25 жас аралығындағы боз бала мен бой жеткендер ұшырасады. Есірткіге тәуелділіктен жазылып кететіндер бірең-сараң ғана, тіпті жоқтың қасы. Жалпы есірткіні таңдағандардың түн ұйқылары бұзылады, артериялдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтиежесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, түрлі инфекция жұқтырады, гипатит пен СПИД – ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады »,-деген материалдарды оқып таныстым.
Отбасында ата-ана мен бала арасындағы кез келген түсініспеушілік, ата-ана тарапынан бақылаудың төмендігі жасөспірімнің зиянды заттарға, есірткіге бой ұруының себебі болып табылады. Жасөспірімдердің есірткіні қолдауы, олардың білімсіздігінен. Кез келген адам білмегеніне, көрмеген затына қатты қызығушылықпен қарайды. Сол секілді есірткіні бір рет тұтыну ағза қажеттілігін арттыра түседі. Ал бұл зиянды заттардан алшақ болудың жалпы жолы – ол білім. Яғни ол – отбасындағы тәрбие. Атақты ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби атамыз айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» – дейді. Әр отбасында балаларын жастайынан тәртіп пен тәрбиеге, жақсы мен жаманның аражігін бөліп үйретсе, мұндай олқылық, зияндар болмас еді. Бізге тәрбие беру ата – анамыздың парызы, ал Отанның жақсы болуы – біздердің тәрбиемізден. Отан – отбасынан басталады.
Менің жасым 15-те, жасөспірім шақтамын. Мен қарапайым мектепте білім аламын. Мектепте үздік оқушылардың қатарына жатамын. Көптеген шығармашылық жобаларға қатысамын. Үлкен ғылыми жобаларда орындарды иелендім. Домбыра үйірмесіне қатысамын және дене шынықтыру сабағында белсендімін. Менің орта мектебімде есірткі жайлы және оның алдын алу жолдары туралы іс – шаралар өткізіліп тұрады. Өзімде ол іс – шараларға қатысып, тобымызбен жүлделі орындарға ие болдық. Өткізілген іс – шараның мақсаты – жасөспірімдерге есірткінің зияны және оның алдын алу жолдарымен күрес жөнінде болды. Есірткі туралы білмегендерімізді біліп, ой түйіп, өзімізден кейінгі іні – бауырларымызға айтып жүретіндей мәлімет ала білдік.
Қазіргі таңда еліміздегі жастардың көп бөлігі дұрыс иманды жолға түсіп жатыр. Оны біліп те, көріп те жүрмін. Бұл көз қуантарлық жағдай. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Олар болашақ жастардың зиян әдеттерден аулақ болуы үшін, өз еліміздің азаматтарының болашағы үшін күні-түні дамылсыз өз жұмыстарын атқаруда. Бұл жөнінде айтып өткеніміз жөн болар.
Болашақта әлем осы ғасыр дертінен ажырап еліміз гүлденіп, жастардың дендері сау болып, үлкен Қазақстан мемлекетін көркейтетініне сенемін!

#УПНДПКЗО

Заманның өтті қанша зарлы күні,
Халықты еңіреткен тағдыр мұңы.
Қаншама қиындықтан өткен қазақ,
Шықты ғой арам, жаман заман түні.

Ол бәле халық миын улайды кеп,
Сананың сан түбіне бойлайды кеп.
Есіңді жия алмайтын сорлы күйге,
Жеткізер залымдықтың бірі ғой көп.

Әр қазақ шаңырағы әрбір түрлі,
Тәрбие тағылымы сан мың қырлы.
Қазақы балқаймағын бұзбаған үй,
Кешеді бақытты күн, шаттықты күй.

Отбасым – менің ортам, аяулымыз,
Шаңырағым құт – берекем баянымыз.
Әрқашан жаман жолдан қаша тұғын,
Тәрбиені берген атам саялымыз.

Есірткі Отанымның қас жауы бұл,
Жоғалып кетсе деген арманым бір.
Өмірін кереметтен жалғастыру,
Әр пенде санасының таңдауы бір.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *