Теледидар
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі
«Рахат бөбекжай-бақшасы»
жедел басқару құқығындағы
МКҚК тәрбиешісі
Рымбаева Тұрсынай
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Теледидар (қағаздан құрастыру)
Мақсаты: бүктеу әдістерін қолдана отырып,теледидар құрастыруға үйрету. ұқыптылыққа тәрбиелеу қағазбен жұмыс істеу икемділіктерін дамыту.
Көрнекілік: қағаз,қайшы,желім.
Билингвалды компонет: теледидар-телевизор, жаңалықтар-новости,телеарна-телеканал,ауыл-село.
Әрекеттер кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалардың назарын топтағы бөлме гүлдеріне аударады .
-Мыналар нелер? -Гүлдер не ішінде өсіп тұр? -Мұндай гүлдерді қайда өсіреміз? -Дұрыс, бұл гүлдер бөлме өседі. Сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды. Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады .
|
Балалар мұқият тыңдап сұрақтарға толық жауап береді
|
Ізденуші ұйымдастыру |
-Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын, ал сендер қандай өсімдік екенін табыңдар .
-Жапырақтары сопақша, үлкен, түсі қою жасыл. Бұл қай өсімдік? (Фикус гүлін көрсетеді ). -Бүгін сендерді жаңа бөлме өсімдігі – хош иісті қазтамақпен таныстырамын. Қазтамақтың сабағы жасыл, шырынды, сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі . Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады , бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі. Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения , гүл – цветок, сабақ –стебель жапырақ – лист. Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош иісі» . -Қазтамақтың хош иісін сезіну терең тыныс алайық. -Қазтамақ – дәрілік өсімдік . Одан дәрілік майлар жасалады . Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді . -Балалар, қазтамақтың фикустан айырмашылығын қарастырайық . -Фикус қандай күтімді қажет етеді? Жапырақтарындағы шаңды немен сүртеді? -Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз? Жапырақтарды ауаны тазартады . -Өсімдіктерді қалай суару керектігін көрсетіңдерші . -Су құйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып, суды шашыратпай суару керек . Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп – баптау керектігін түсіндіреді. Сергіту сәтін өткізу . Біз гүлдер ше өсеміз, Жапырағы жайқалған, Сабақтары салалы, Жел күшімен шайқалған. Таңғажайып сәт . Есік қағылып, бөлмеге дәрігер Салауат кіреді . -Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен мейірімді Салауатпын . Таңертең маған көжектер келіп, құлақтарының ауырып тұрғанын айтып еді . Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты. Балалар , сендердің топтарында дәрілік өсімдіктер бар ма? -Балалар, сендерге үлкен рақмет ! Сендер маған көмектесетіндер, енді мен өз достарымды емдеп аламын . Сау болыңдар! |
Айтылған сипаттама бойынша фикусты табады .
Мұқият тыңдайды .
Қайталайды .
Қазтамақ гүлінің иісін иіскеп , тыныс алу жаттығуларын орындайды
Балалардың жауабы
Қимылмен көрсетіп жасайды
Балалардың жауабы
|
Рефлексті түзетуші | Сұрақ –жауап әдісі арқылы іс – әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.
|
Сұрақтарға жауап береді. Бір –бірінің жауаптарын тыңдайды
|
Қүтілетін нәтиже:
Ұғынады : бөлме өсімдіктерін бір – бірінен ажырата білуге арналып тапсырмаларды.
Түсінеді : табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді .
Қолданады : бөлме өсімдіктерін күте білу дағдылар