Моншақ құрастыру

Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Моншақ
Мақсаты: Қағазды умаждап, уқалап бүктеу арқылымоншақтар жасау дағдыларын және оларды орындау реттілігін қалыптастыру. Бірдей бөлікке бөлінген шеңберлерді дәл қосуға, шамасы бойынша моншақты құрастыруға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сұлулықты, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: қағаз, жілім, жіп, жилька
Көрнекілігі: Моншақтың суреттері, үлгі сурет
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы Саламатсыңдар ма?
Здраствуйте?
Good moning?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс айларын ата.
– Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Алда қандай мерекелер болады?

Дұрыс айтасыңдар балалар алда жаңа жыл мерекесі келе жатыр екен. Жаңа жылда аналар, қыздар құлпырып, әртүрлі әшекей бұйымдар тағады.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін тауып көресіңдер ме?
Жылтырайды мойнымда,
Жылтырайды қолымда
Ол не? Амандасады.

Балалар шеңберге тұрып сұрақтарға жауап береді.

Әшекей бұйымдар
Ұйымдастыру кезеңі Олай болса бүгінгі біздің құрастырудан өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы моншақтар деп аталады. Моншақтың көп деген түрлері бар. Олардың түстері де, пішіндері де, көлемдері де әртүрлі болады.
Балалар менің үстелімнің үстінде үш түсті моншақтардың суреттері бар. Барлығымыз қалған түсті моншақтың суретін бір- бірден алып, сол бойынша партаға отырамыз.
Слайд. Моншақ туралы түсінік беру.
Балалар жұмысымызды бастамас бұрын әр топ не істеуіміз керек екенін түсініп аламыз.
Түсіндіру.
1.Қызыл түсті моншақтың суретін таңдаған балалар алдарында тұрған моншақты бір-бірден жилькаға өткізеді.
2. Ақ түсті моншақтың суретін таңдаған балалар ермексазды кішкене бөлшектерге бөліп алып, алақанның арасына салып домалатып, сіріңкенің талшығымен тесік жасап жилькаға өткізу.
3. Сары түсті моншақтың суретін таңдаған балалар домалақталған пішіндегі сандарды рет – ретімен баудан өткізу.
Қауіпсіздік ережесі.
Балалар моншақты, ермексазды мұрынға, ауызға, құлаққа салуға және сіріңкені бір- бірімізге сермеуге болмайды.
Көрсету. Әр топқа бір- біреуден жасап көрсету.
Балалар өздері жасайды.
Биленгвалды компонент: моншақ- бусы
Қоңырау соғылады.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,
Құлағында сырғалар,
Оң қолында білезік.
Сол қолында білезік
Саусақтарда сақина,
Санап көрші, кәнеки
1,2,3…..1,2,3,
Ойын: «Зейінді бол»
Шарты:Алдымызда ыдыста тұрған суреттердің ішінен әшекей бұйымдарды тауып, партаның үстіне қоямыз.

Балалар мұқият тыңдап, түсінеді.

Қауіпсіздік ережесін мұқият тыңдап, есте сақтайды.

Биленгвалды компонентті қайталап айтады.

Сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.

Ойынды белсене қатысады.

Рефлексивтік түзетушілік Балалар шеңбер бойымен тұрып кім қай топта моншақты неден құрастырғандарын айтады.
Мадақтау.
Балалар қандай топта моншақты неден жасағандарын айтады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *