Қоянға көмектесейік

Өткізілген күні: 17.11.2020ж
ББС: Шығармашылық
ҰОҚ: Сурет салу
Тақырыбы: «Қоянға көмектес»
ҰОҚ мақсаты: Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін(баспа әдісі және көбікпен,мақталы таяқша ) қолдана отырып,қоянға көмектеседі. Құралдарды ұқыпты қолдана алады.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Бала үні,4К(креативтілік,коммуникативтілік дамыту,сын тұрғысынан ойлау,жеке жұмыс),картоппен,картоннан жасалған пішіндермен баспа әдісі арқылы және пена, пва клей және бояу қосылған 3д бояу құралымен сурет салу.
Күтілетін нәтиже: пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын біледі, сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығады. Бақылау: Жалпылама,жанама
Саралау: Ресурс арқылы саралау
Ресурстар: визуалды «Мақтаншақ қоян» ертегісінен үзінді,үлгі суреттер,субояқ, ақ қағаз, картоппен,картонмен әр түрлі пішіндер, гуашь,сүрткіш,тұғыр,мақталы таяқша.
ҰОҚ барысы:
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І.Кіріспе кезең
Жағымды психологиялық
Ахуал орнату

4К модель:коммуникативтілік дамыту,сыни ойлау,бала үні(қызығушылығы)

Топтасу

Бақылау: жанама

ІІ.Негізгі бөлім.

4К моделі: коммуникативтілік дамыту,сыни ойлау, жеке жұмыс

Бақылау:жалпылама

Бақылау: жалпылама
Саралау: Ресурс арқылы саралау

4К модель:коммуникативтілік дамыту,бала үні(қызығушылығы)
Сәлемдесу.
«Мақтаншақ қоян» ертегісінен үзінді көрсету.

Ашық сұрақтар:
– Балалар, ертегіден қандай жануарды байқадыңдар?
– Қоян қайда бара жатыр?
– Досына қоян не апарады?

– Олай болса,бүгінгі оқу қызметінде мына сүйкімді қояндарға көмектесейікші. – Жарайсыңдар,олай болса
қоянға көмектесуге дайынсыңдар ма?
Топтастыру:
Суреттер арқылы топтарға
бірігеді.
1-топ: «Гүл»
2-топ: «Сәбіз»
3-топ: «Доп»

Жеке жұмыс:»Қоянға көмектесейік»
-Балалар,алдарыңдағы жұмыс үстеліне назар аударыңдаршы.
Үстелдің үстінде дәстүрден тыс сурет салуға арналған құралдарды дайындап қойдым.Қоянға не жасап көмектескілерін келеді,соны әдемі етіп,таза,ұқыпты жасаңдар.

1.Пена мен пва клейден жасалған бояумен сәбіз суретін салуға болады.
2.Мақталы таяқша көмегімен допты саламыз.
3.Картоннан жасалған пішін арқылы гүлді баспа түрінде саламыз.

«Гүлдің ортасын боя» және
«Доптың ішін боя»тапсырмасы

Кері байланыс: «Көрме шарлау»

Балалардың жауабы

Таңдаған суретін алып,топтарға бөлінеді.

1-тапсырма: Пена мен пва клейден жасалған бояумен сәбіз суретін салады.
2- тапсырма: Құлақ шұқығыш көмегімен допты салады.
3- тапсырма:
Картоннан жасалған пішін арқылы гүлді баспа түрінде салады.

Кері байланыста балалар смайликтерімен досының ұнаған жұмысын бағалайды.

ІІІ.Қорытынды
4К модель:сыни ойлау,бала үні

Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі

Оқу қызметі қаншалықты түсінікті ,жағымды болғанын саусақ арқылы көрсетеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *