“Ұстазым – ұлағатым.”

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстазым- ұлағаттым

Мақсаты:
а) Оқушыларды, ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
ә) Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
б) Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту, әрі дарыту.

Міндеті :
а) Ардагер ұстаздар жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді атаның батасын, ата-ананың алғысын ала білу.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
І. – Cәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым!
ІІ. Шаттық шеңбері:
-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз
Бір – бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Осы шеңбер аясында « ұстазым » әнін бірлесе айтайық.
.
ІІІ.Ынталандыру.
1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз?
2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?
3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер? – Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз.
Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.
Ұстаздың қасиеттерін жазайықшы:
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А – ақылды
Л – лайықты
І – іскер
М – маман.

ІV. Әңгімелеу. – Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.
Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: – Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. – Екі дирхемге жетер-жетпес қана. – Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер: – Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар. •
Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?
Не үшін?
Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?
Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар? – Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да, осы жолдың бойында
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы
Қасиетіне бас иелік мәңгілік

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

В день осенний, когда у порога
Задышали уже холода,
Школа празднует День педагога,
Праздник мудрости, знаний, труда.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Топтастыру.
«Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керек?
Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толдырайық.
Мысалы:рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.
«Ойланайық – пікірлесейік».
1. Ұстаз туралы қандай мақалдарды білесіңдер?
2. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мақалды қалай түсінесіңдер? – Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.
Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық.
Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Қорытынды. Тілегіміз қабыл болсын деп «Мұғалім – ол біздің» әнін айтамыз. «Мұғалім – ол біздің» әні. (Сөз – Мұзафар Әлімбаев, Әні – Ибрагим Нүсіпбаев ).
Білімнің кілтіндей
Әліппе ұстатқан.
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қайырмасы:
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалім – ол біздің!
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалім – ол біздің!
Қиынға төзуге,
Үйреткен қашанда.
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қайырмасы:
– Ия, шәкіртерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі – ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *