« Бүгінгі күннің тәрбиешісі »Эссе

 

« Бүгінгі күннің тәрбиешісі » Эссе

 

 «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы».
(Абу Насыр Әл Фараби)

         Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  

Мектепке дейінгі  тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

        Мен мектепте он  жылдай еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – біздің  бірінші кездесуіміз. Мектеп есігін ашқанымда – «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім.

        Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз!  Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

      Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.

      Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген тәрбиешілер дүниенің әр бұрышында бүлдіршіндердің сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

   Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды,тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

    Тәрбиешілері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Оның ішінде тәрбиешілер – ерекше тұлға. Өйіткені ол – балалар мен үлкендер арасындағы сарапшы. Сондай-ақ ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім береді,  адам болуға үйретеді. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам… Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол тәрбиешіге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Тәрбиешілік қызмет әрбір оқушының,жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Тәрбиеші  көп біліп қана қоймай, сол білгендерін бүлдіршіндерге бере білуі қажет. Тәрбиеші шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті – әдеп. Әдеп – тәрбиешінің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, тәрбиеленушілерді еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Тәрбиеленушілермен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп тәрбиешінің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті тәрбиеші болмай тұрып, шебер тәрбиеші болу мүмкін емес. Сонымен, ұзтаздық шеберлік – тек қана тәрбиегінің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді балаларға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Тәрбиеші тәрбиеленушінің білуге  деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, білімге деген қызығушылығы артпайды.

спеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.

  «Балаға мінез уш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» – деп ұлы Абай айтқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдері, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.

       Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Төлек Бақытгүлден үлгі-өнеге алдым. Осы кісіден алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

      Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

       Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *